Home » Сценарийлер » Елбасы мұраты – ел бақыты, гүлденген Қазақстан

Елбасы мұраты – ел бақыты, гүлденген Қазақстан

Мақсаты: 1.Қазақ  халқының тұңғыш  президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір  жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;

2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге
тәрбиелеу;
3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін  ояту, құрметтеу.

Көрнекілігі: Слайдтар, Елбасы суреттері, тәуелсіз Қазақстан суреттері, кітаптар

Жүргізуші: Қайырлы күн, тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы мұраты – ел бақыты, гүлденген Қазақстан» атты ашық тәрбие сағатымызға қош

келдіңіздер! Ең алдымен айта кетерлік бір жай, ол әрине еліміздің біздің Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп, көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?

Жүргізуші: Әрине, Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың арқасы мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері әрине дамыды, экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да. Барлығы, елбасымыздың саясатының негізінде емес пе? Бүгінгі күнде еліміздің байтақ жерінің барлығын қазақ деген ел бар екенін күллі әлемге танытатын үлкен бір іс – ол EXPO-2017, осының арқасында бізді әлі де талай мемлекеттер танымақ. EXPO-2017 арқылы біздің елден шыққан өнімдерді барлық мемлекет білмек, осыған орай жақында өткен елбасының тапсырмасы бойынша EXPO-2017 көрмесінде елбасымыздың тапсырмасы бойынша ұлттық Қазақстандық өнімдердің көптеп шығарылу керек екендігін айтып ескерді. Бұл да президентіміз      Н.Ә. Назарбаевтың қазақ халқын танытудағы мақсаты болып табылады.

Жүргізуші: Ән «Қазақ елі», орындайтын Сыпабекова Мөлдір.

Жүргізуші: Н.Ә. Назарбаевтың балалық шағы отбасы жайында мағлұмат беретін Кәдірова Нұрбибі.

Нұртілеу:

Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.

Байғали:

Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Гульдана:

Шықты тарап ой-данадан,
Бері қарап жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті.

Алмас:

Оянады көңілден қайдағы арман,
Бақыт желі ескендей жайлап алған.
Президентім бар менің елі түгел,
Ақ киізге көтеріп сайлап алған.

Оқушы Монологы. «Менің Президентім».  Мағжан
Біз отбасымызбен күнделікті теледидар көруді әдетке айналдырғанбыз. Телеэкраннан Н.Ә. Назарбаевтың бейнесі көрінгеннен-ақ әжемнің жаңылмай қайталайтын бір тілегі бар: «Алла тағала, осындай ұл берген саған рахмет. Тек ел шеті бұзылмасын», – деуден жаңылмайды. Бұрынырақ әжемнің бұл сөзіне мән бермейтінмін, енді тарих пәнінен тереңдей оқыған сайын, әжемнің сөзінде көп мағына жатқанын түсініп келемін. Расында да көп ұлтты республиканың тынышын кетірмей ұстау, ондағы әр ұлттың өкілдерінің тілін табу, көрші мемлекеттермен тату-тәтті қатынас орнату – үлкен жүректі, асқан ақылды, парасатты адамның ғана қолынан келетіні сөзсіз. Олай болса, Нұрсұлтан Әбішұлы – әрбір қазақстандық үшін ұлы тұлға. Қазір мен де әжеммен бірге Алладан Нұрсұлтан Әбішұлына денсаулық тілеймін.

Оқушы Монологы «Менің Президентім». Мөлдір 
Қазақ халқы ерекше қонақжай халық екені белгілі. Меніңше, біздің Президентіміздің бойында да осы қасиет бар. Соңғы он жылда Қазақстанға кімдер ат басын тіремеді десеңші? Белгілі саясаткер, мемлекет қайраткерлері мен басшылары, ғалымдар мен өнер қайраткерлері.
Әр елден келген қонақтарға ұялмай көрсететін жаңа қала Астанамызды Президенттің ақыл-ойының жемісі дер едім. Астана – күннен күнге бой түзеп жасарып, жаңарып келе жатқан жас қала. Сарыарқаның төсіндегі шағын ғана қаладан, әлем таныған әсем Астана жасаған Елбасының ақыл-ойына кім басын имес?

Жүргізуші: «Қазақ биі». Орындайтын Қаппасова Айнұр мен Бердібек Ұлжалғас.

Ақбота:

Естімейік енді елдің жылағанын,
Қайта құлап, бостандық сұрағанын.
Абылайдың жолымен алға басқан,
Құт болсын «нұрлы жолы » Нұр ағаның.

Айгерім:

Биіктей бер, Нұр аға,
Қыран қанат талмасын.
Қадірлемей тұра ма,
Халық сіздей тұлғасын.
Өзбекбай Мағжанның Елбасымызға арнауы.

Жүргізуші: Күй «Ата толғауы»

Жүргізуші: 1998  жылы 10-маусымда жаңа  астананың  ресми  тұсау кесері болды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Ұлжалғас:

Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жанарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.

Жүргізуші: Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы, шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі – бәрі, бәрі тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі.
Жүргізуші: Бүгінгі «Елбасы мұраты – ел бақыты, гүлденген Қазақстан» атты ашық тәрбие сағатымыз осымен аяқталды.

Искакова Арай Бакытхановна,

«№78 мектеп-гимназия»

биология пәні мұғалімі

Астана қаласы

 

 

Facebook арқылы пікір жазыңыз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*