Home » Білім және тұлға » Ұстаздық еткен жалықпас

Ұстаздық еткен жалықпас

 

“Жаныңда жүр жақсы адам” жобасы бойынша

Ұзақ уақытқа созылған жол, әдемі шаһарға әкеледі деп ойламаппын. Бүгінгі кейіпкеріміз Алматы қаласы, Жетісу аудандық жалпы білім беретін №177 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Кутжанова Мирамкуль Бекарыстановна. Аты-затына сай,қуанып қарсы алған ұстаз, 1973 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бірлік поселкасында дүниеге келген. Бала күнінен өжет, еңбекқор болған Мейрамкуль Бекарыстановнаның бойында ерекше қабілет бар. Жан-жақтылығының арқасында әрдайым алдыңғы қатардан көрінді. Ендігі арманы-бәсеге қабілетті, саналы да салауатты ерекше тұлға тәрбиелеу. Сонымен қатар әрбір баланың өз ойын еркін жеткізе алуына ықпал ету.
Оқушылармен қарым-қатынасы туралы сұрағанымда : «Әр тәлім берген баламды, өз туған баламдай жақсы көремін. Және әрбір шәкіртімнің білімді, жауапкершілігі мол болып қалыптасуы үшін еңбек етемін»-деп жауап берді. Бұл сөзінен ұстаздың жүрегі жұмсақ, көңілі кең екенін байқай алдым. Жоғары білімі бар маман 1992 жылы №1 педучилищені, 2004 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтын бітірген. Бүгінгі күні жоғары да аталып өткен №177 мектептің мұғалімі. Жалпы педагогикалық өтілі 25 жылды құрайтын Мирамкуль Бекарыстановна жоғары санатты маман болып табылады.
Сұқбат барысында жеткен жетістігі туралы сөз қозғадық:
Мақтау қағазы, қараша 2013 жыл «Үздік пән кабинеті» сайысынан «Ұстаз» Жетісу аудандық кәсіподағы;
Алғыс хат, 2014 жыл, «Нұр Отан»партиясы Жетісу аудандық филиалы;
Алғыс хат, 2015 жыл, «Керемет-Кидс» республикалық журналы;
Алғыс хат ,2015 жыл «Ұлтын сүйген ұланбыз» республикалық байқауына патриоттық тақырыптағы шығармаларға шәкірт дайындағаны үшін;
Почетная грамота , октябрь 2015г. профсоюз «Устаз» Жетысуского филиала;
Мақтау қағаз, 2015 жыл, «Мұғалімдер күні» мерекесіне орай аудандық білім бөлімінен;
Мадақтама, желтоқсан 2015жыл , «Педагогтың кәсіби құзыреттілігі- білім сапасын көтерудің факторы» тақырыбында өтілген пед. оқудан бас жүлдегені иеленгені үшін;
Алғыс хат, 2015 жыл, «Нұр Отан»партиясы Жетісу аудандық филиалы;
Алғыс хат, 2015 жыл, «Жырлайды жүрек» ,«Ғұмырдария» республикалық балалар байқауына шәкірт тәрбиелегені үшін;
Алғыс хат, 2015 жыл, «Қазақ хандығының 550 жылдығы» қарсаңында республикалық көркем сөз байқауына шәкірт тәрбиелегені үшін;
Алғыс хат, 2015 жыл, Бүлдіршіндер мен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған «Тәуелсіздік-тұғырым» республикалық байқауына шәкірт дайындағаны үшін;
Алғыс хат , 2016жыл, «Нұрлы Жастар- болашаққа жол бастар» атты балалар мен жасөспірімдер арасындағы Республикалық көркем сөз ,ән-би байқауында белсенділік танытып, жас ұрпақты өнерге баулып, шәкірттерін келер күнді үмітпен қарсы алуға тәрбиелегені үшін;
Алғыс хат, мамыр 2016жыл, «Балалар интеллектуалдық клубы» жобасы бойынша математика пәнінен Халықаралық Монопәндік Жарысына оқушыларды дайындағаны үшін;
Алғыс хат, мамыр 2016жыл, «Балалар интеллектуалдық клубы» жобасы бойынша қазақ тілі пәнінен Халықаралық Монопәндік Жарысына оқушыларды дайындағаны үшін;
Алғыс хат, мамыр 2016жыл, «Балалар интеллектуалдық клубы» жобасы бойынша әдебиеттік оқу пәнінен Халықаралық Монопәндік Жарысына оқушыларды дайындағаны үшін;
Алғыс хат, мамыр 2016жыл, «Балалар интеллектуалдық клубы» жобасы бойынша дүниетану пәнінен Халықаралық Монопәндік Жарысына оқушыларды дайындағаны үшін;
Алғыс хат , қыркүйек 2016 жыл,

«Мұғалімдер күні» мерекесіне Жетісу ауданының әкімінің марапатын алған. Тек бұл ғана емес, тіпті мақалалары баспа бетіне жарияланған. « Ұстазы жақсының -ұстанымы жақсы». Өзінің тәлімін алып тек биіктен көрініп жүрген оқушыларын да атап өтті.Олардың қатарында Шәріпхан Інжу, Балтабай Ерболат, Нұрбекова Нұрай,Мейрамбек Алмас, Ноян Қарлығаш, Қырғызбай Шұғыла, Асан Бекаман, Жұмабай Әбілмансұр, Нұртаза Әсел бар.
Иә, Мирамкуль Бекарыстановна үшін ұстаз болу өмірдің көшінен қалмай, мақтанып айтатындай ұрпақ тәрбиелеу. Сөздің соңын «Шындығына келгенде, болашақ жастардың қолында. «Ел болам десең, бесігіңді түзе»-деп бекер айтпаған. Ертеңгі елдің өркендеуі осы жас өркендердің біліміне байланысты.Менің мақсатым осы. Бейбіт еліміздің де, балалардың да болашағы жарқын болса екен»-деп түйіндеді. Бір ғасырын бүтіндей ұстаздыққа арнаған Мирамкуль Бекарыстановнаға ұзақ ғұмыр тіледім. Лайым, «жүзден-жүйрік,мыңнан-тұлпар» болып, еңбегінің ең тәтті жемісін жеп, ең үлкен жеңіске жетсін!

Жадыра Бағашар
Білім айнасы

One comment

  1. Нурсултан

    Здорово, кутты болсын.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*