Home » Білім және тұлға »   Мен бақытты Ұстазбын

  Мен бақытты Ұстазбын

(ЖЖА бойынша)
Қанша күнді артқа қалдырған қайран уақыт!Артыңа қарасаң қаншама қызық есіңе түседі.Тіпті бірнеше кітап жазуға болатын жәйтті бастан өткізіп тастағандаймыз.Бүгін сондай адаммен сұқбаттасып қайттым.
Балдырғандарды батыр қылып,рухани құндылықтарды үйретіп жүрген № 110 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі- Тулетаева Кумискул Сулеймановна
Кемел келбеттің кейіпкері 1967 жылы 26 желтоқсанда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылында дүниеге келді.
Жанұясында 5 бала болып өскен Тулетаева Кумискулдің әкесі Сулейман Қызылсай ауылындағы орта мектепте директордың оқу – ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеген.Ал анасы мектеп интернатында тәрбиеші болып жұмыс жасады. Кейін анасы Тоқтасын ауыл депутаты болып сайланып, ауылдың адамдарына көп көмек көрсеткенін айтады.Иә,жақсыдан жақсы туады. Әкесі мен анасы партия мүшесінде болған кезде ,кішкентай Күмісгүл мектептің комсоргі болып, оқушыларды басқарған екен. Кішірек кезінен жылдам тіл табысып кететін қабілеті,қазірде бар.Бала кезінен мұғалім болғысы келген Кумискул Сулеймановна
әкесінің жолын қуды. Алматы қаласындағы Абай атындағы Мемлекеттік университеттің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша қызыл дипломмен бітірді.Қазір осы саласының универсал маманы десем қателеспеймін. (1993 жылы). Алғашқы ұстаздық жолын Алматы қаласы Жетісу ауданы, № 160 жалпы орта мектепте аға тәлімгер болып қызмет атқарудан бастады. Кейін 1990 жылдары мөлтек ауданындағы № 164 жалпы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып ауысты. Ал 1997 – 2013 жылдар аралығында директордың тәрбие – ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.2013 – 2017 жылдар аралығында № 110 мектеп – гимназиясында директордың оқу – ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасауда.
30 жыл ұстаз болып , 21 жыл директордың оқу – ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс жүргізіп келеді. Кейін немерелерінің де ұстаздық жолда қызмет еткенін қалайды.
Мінезі мен мамандығы туралы сұрағымда « Мен өз жұмысымды тиянақты орындап біткенше мазасызданамын.Мамандығымды да балаларды да өте жақсы көремін, ұстаздардың еңбегін рухани жағынан бағалаймын еш уақытта ешкімге ренжімеймін, ренжіген жағдайда іштей сақтаймын»-деді.
Онымен қоса бала күнінде 8 -сыныпты «Қордай шамшырағы» газетіне табиғат, ұстаз, ана тақырыбында өлеңдерін жариялап отырған. Ақындық дарыны өзімен қатар өсіп келеді.Шығармашылық жұмыстармен әлі айналысып келеді. Екі кітаптың авторы. «Қазақ тілі» оқулығы бойынша оқушыларды ҰБТ-ға дайындауға білім алып, өз білімін әрі қарай жетілдіруге үлкен көмек көрсетеді. Екінші кітабы «Абайтану» 9- 11 сыныптарға арналған әдістемелік көмек көрсететін кітап. Бұл кітапты шығарған себебі, жолдасы Семей қаласының тұрғыны Абай ауылында болып, мұражайлармен таныстырып, шығармашылық шабытын одан әрі арттырған екен.Осы кітап сол қызығушылықпен жарық көріпті.Шәкірттері КВН, айтыстан, мәнерлеп оқудан, шығарма жазудан, газет беттеріне мақала жазудан шебер болып, бас жүлделерге ие болып жүр. Алматы қаласында білім басқармасы ұйымдастырған «Айтыс-сөздің майданы» тақырыбындағы өткізілген жарыста сабақ беретін 8 «В» -сынып оқушысы Көмек Бекарыс 2016 жылы ІІІ орынға ие болды . Тәлім берген шәкірттері журналисттер, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері болып қызмет атқаруда. «Ұстаздан-шәкірт озар»деген осы.Ата-анасын үлгі тұтатын ұстаз, өз өмір жолының әр ізі іліп алатын қызық сәтке толы екенін айтты.
Еңбек жолында елге сыйлы,бағындырған белесі бар Кумискул Сулеймановна «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша өткізілген курста жоғары нәтижелер көрсеткені үшін алғыс хат иесі атанды.

«Бейбітшілік Әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестілік халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайта отырып еліміздің өркендеуі жолында жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі ұстаздық еңбегін жоғары бағалап «Лидер Образования» медалімен марапатталды.
Біраз жылды артқа тастап,өткен шаққа оралып көрдік.Оқу барысында басынан өткен қызықты оқиғасын былай баяндап берді: « Жас маман кезімде ашық сабақ өткізіп жатқан кезде қиналған сәтімде юбкамның түймесі үзіліп кетіп, бүйірімді қолыммен қысып және бүйрімді таянып жүріп парталардың арасымен жүріп оқушылармен жұмыс жүргізіп 45- минутты аяқтадым. Партаның соңында мектеп басшысы және 12 әріптесім отырды, сабақты талдаған кезде мектеп басшысы күліп «Бәрі жақсы болды!»- деп, неге бүйіріңді таянып сабақ өткізесің дегені бар емес пе? Көзіме жас алып, бүйірімді таянбасам юбкам түсіп қалады ғой!-деп жылап жібердім. Содан бері әріптестер арасында қиындықтан шыға білетін қыз атандым».
Иә,сол қиындықтан шыға білетін қыз бүгін әзиз ана,жеке дара ұстаз тұлға болып отыр.Қайтпайтын қайсар риясыз қасиеті, өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі болса керемет емес пе?Бала арманы орындалып,білім беру саласына бет бұрған Тулетаева Кумискул Сулеймановна ерекше екпінмен «мен бақытты ұстазбын»деп сөзін аяқтады.
«Ұстаз жүгі-ауыр жүк». Білімгерлердің қиялына қанат бітіріп,сөз құрауды білмейтін балақайларды сөйлеткен Кумискул Сулеймановнаның шеберлігі мақтауға лайық.Алла ар алдындағы абыройдан айырмасын!Қызметте-табыс,еңбекте ерік-жігер тіледім.

Жадыра Бағашар
Алматы қаласы

Facebook арқылы пікір жазыңыз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*