Home » Білім және тұлға » Бала тілі – бал

Бала тілі – бал

“Жаныңда жүр жақсы адам” жобасы бойынша

Жол бойын жағалап жүріп келемін.  Бағытым – балабақша. Мекен-жайды дұрыс тауып келген сияқтымын. «Балалы үй – базар». Алыстан-ақ балақайлардың бал үні шығып тұр. Күртешемді шешіп қолыма алғаным сол, еді «Сәлеметсіз бе!» деп бір топ бала амандасты. Балабақшаның іші көрсе қызығардай. Өзімді сиқырлы әлемде жүргендей сезіндім. Мұндағы әрбір тәрбиеші мейірімді.  Бірақ, тек, қарама-қарсы беттегі көзіме оттай көрінген тәрбиешімен тілдескім келді.  Аты-жөні – Байжумаева Асель Медетхановна.  Бүгінгі күні № 61 балабақшасының тәрбиешісі.  1988 жылы Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылында дүниеге келген. 2009 жылы Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық Университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын бітірді.  Ең алғаш орыс тобына қазақ пәнінен беріп жүрді.  Ал балабақшадағы жұмысын 2011 жылы 1 қырқүйекте бастаған. Жұмыс істеп жүргеніне жеті жыл болса да, жеткен жетістігі көп. Алғашқы жылы алған мадақдамаларын айтпағанда соңғы екі жылда:

2015 жылы Жетісу ауданының білім бөлімінің бастығының алғыс хатымен;

2016 жылы балабақшаның бітіруші бүлдіршіндерінің ата-анасының алғыс хатымен марапатталды.

«Адамдармен ерегісу, тартысу сынды жағдайға тап  болмағанмын. Себебі бойымды жөнсіз ашудан алыс ұстаймын.  Ал ашуланған жағдайда қайтымым шәй ормал кепкенше», – деді жымиып.

Иә,  ортасында көңілді екені көрдім. Ары қарай Байжумаева туралы толық білу үшін әріптестерінің пікірін сұрадым. Олар болса, бас кейіпкердің кідірмей-ақ қамқор, мейірімді, қолы ашық екенін білдім. Болашақ үшін жұмыс істейтін Байжумаева тек күнкөріс қамы үшін емес, балалардан нәтиже көріп, ата-анадан алған алғысына лайық болу үшін де еңбектенетінін жасырмайды. Бүгінгі күні отбасылы. Жұмысының қиындығын да, қызығын да жолдасы жақсы түсінетін көрінеді. Себебі Құдай қосқан қосағы да осы саланың адамы. Ендігі арманы туралы сұрақ қойғанымда «Армансыз адам болмайды. Дәл қазір қала, Республика көлемінде ашық-сабақ  өткізіп өз іс-тәжірибемді бөлісіп, жүзеге асырғым келеді», – деді сеніммен. Көзіне қарағанда балажан екені бірден байқалады. Бала атаулының бәрін бейкүнә періштеге теңейді.  Бұның себебін былай түсіндірді: «Тәтті қылық иелері томсырайып тұрған жеріңде жаныңды жадыратады. Бала тілі – бал емес пе? Балалармен өткен уақытым өте қызықты…».

Әрбір сөзге  салмақты жауап беретін Байжумаева Асель Медетхановна тоқыма тоқығанды ұнатады екен. Бұрын көркем сөз оқудың хас шебері болғанын айтып қалды.

Осы тұста: «Әр қазақ қыздары – болашақ ана. Баланың тәртібі мен тәрбиесі тікелей бізге байланысты», – деп сөзін қорытындылады. Көзім жетті. Ең бастысы жұрт жаудыра айтқан алғысқа лайық! Бала дегенде бал жүзінен мейірім тұнып тұратын тәрбиешінің жұмысына толағай табыс тіледім. Еңбегі ақталып, абыройы асқақтай берсін!                                                                

             Жадыра Бағашар,

                                                                               Білім айнасы,

Алматы қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*