Home » Айтарым бар » Тәуелсіздік – бақытым

Тәуелсіздік – бақытым

 

 Қазақстан – туған ел, сүйем сені,

  Асқар таудай биіксің, кереметсің.

Көк аспанда алтын күнің бейнеленіп,

 Шырқалсын әнұраның әрқашанда, –

демекші, ата-бабамыз елін, жерін қорғап, болашақ ұрпаққа балдай тілін, дархандай жерін аманатқа қалдырып отыр. 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігімізді алып, міне, бүгін бүкіл әлемге танылып, Қазақ елі атанып отырмыз. Желтоқсанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің біз үшін орны бөлек болғай. Сондықтан да батыр бабаларымыздың әр жылда төгілген қанының, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың, асқақ армандарының, сәбиін білегімен, даласын жүрегімен тербеткен аналарымыздың аққан жасының,  Жаратқаннан тілеген медетінің арқасында қол жеткізген Тәуелсіздігімізге 26 жыл толып отыр.

Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап келген тәуелсіз елге айналып, өз алдына жеке мемлекет болып, көк туы көкке желбіреп, қыран құсы биікке самғап, елтаңбамыздың пырағының қанаты кеңге жайылып, жүректі тебірентіп, бойымызды ыстық ықыласқа бөлеген әнұранымызды шырқатып келеміз.

Бүгін біз жерінің асты мол байлық, жерінің үсті парасатты халыққа толы Қазақсатндай елім бар деп зор мақтанышпен айтуымыз керек. Бұл біздің азаматтық парызымыз, адамдық борышымыз.

Тәуелсіздік – бұл еркіндік, рухани байлық. Осы Тәуелсіздікті сақтау, мына жастар, біздің мойнымызда

Қазақстандықтар барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Республикамыздың осындай биіктерді бағындыруына қазақ халқы зор үлес қосып келеді. Олимпиададан ағаларымыз, әпкелеріміз Қазақстанды танытып, биіктерден көрініп жатыр. Ережесіз жекпе-жектен Ардақ Назаров ағамыз дүниежүзі бойынша үш дүркін чемпионы болды. Бокстан Генадий Головкин ағамыз да дүниежүзі бойынша чемпион атағын алды. Осындай ағаларымыздан үлгі алуымыз керек. Сол кісілердің жолын қуып, еліміздің абыройын асқақтау болашақ жастарымыздың қолында. Сонымен қатар, ЕХРО халықаралық көрмесінде Қазақстан осындай мықты, ырысы мол, қонақ жайлы мемлекет екенін тағы бір рет танытып отыр.

Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын депекөксеген ата-бабамыздың  арманы орындалған осы шақта болашақ жастарымызға айтарым: «Еліміздің ертеңгі жолы өз қолымызда».

Шаңырағымызды биікке ұстап, еліміздің керегесі мықты болып, халқымыздың дәулеті, жеріміздің сәулеті жолындағы игілікті істеріміз елімізге береке алып келсін. Бірлікті, татулықты сүйген бейбіт халқымыз осы уақыт ішінде көптеген табыстарға жетті. Енді еліміздің одан да биіктен көрінуі біздің, яғни болашақ ұрпақтың, көкірегінде мәңгі сақталуы керек.

Намысы берік, рухы биік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – бостандықты алақанымызда аялау, қазақ халқымыздың татулығын сақтау – біздің басты мұратымыз.

 

Даулетбаева Мөлдір Бауыржанқызы,

 «Абылай-Т» гимназиясының

қазақ тілі пәнінің мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*