Home » Сценарийлер » Тәуелсіздік – ел тілегі

Тәуелсіздік – ел тілегі

Мақсаты: 1  Болашақ ұрпаққа Мемлекеттік рәміздер, Елбасы, елбасының өмірі туралы толық мағлұмат беру.

  1. Ел Президентін құрметтеуге, отан сүйгіштікке, егемен елімізге қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Суреттер, слайд, шарлар, жалаушалар.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Барысы:

               Шаттық шеңбері:

Мына суретте не бейнеленген? Балалар: карта

Қай елдің картасы? ……….Қазақстан Республикасының картасы

Тәрбиеші: 16 желтоқсан – еліміз үшін мереке болып есептеледі. Өйткені бұл

күн «Тәуелсіздік күні» 1991 жылы 16-шы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекет болып жарияланды. Содан бері 26 жыл уақыт өтті.

Айбарали:

Қайраттай қайсар ұлдардың

Жанымен келген еркіндік.

Жазира мен Лаззаттың

Арымен келген еркіндік.

Қасірет пен қайғының

Бәрімен келген еркіндік.

Тәрбиеші: 1991 жылы 1-желтоқсанда халық өз таңдауымен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты президент етіп сайлады.

Ринат:

Шықты тарап ой данадан

Бері қарады жұлдыз

Өзі қалап сайлап алған

Елімнің бар президенті

Меруерт: Тірлігіңе шырай берген кім десең,

Ол Нұрсұлтан бақжұлдызың

Сол азамат болмағанда ағайын,

Бүгінгідей қуанбас ең, күлмес ең.

 

Айзере: Мақсатына жету үшін алдағы,

Әу бастан-ақ дұрыс жолды таңдады

Сол азамат Нұрсұлтанын емес пе,

Орындаған бабалардың арманын.

Тәрбиеші: Балалар, еліміздің астанасы қай қала?

Балалар: Астана

Тәрбиеші: Балалар, қане, барлығымыз Астанаға саяхатқа шығып астанамыздың әдемі жерлерін аралап қайтайық.

Слайд – Әсем Астана

Гүлзада:

Астана – арман қала

Бағы бір жанған қала

Тұрасың жап-жас болып,

Мен үлкен болғанда да.

М. Анисса:

Күн өткен сайын құлпырып

Жайнадың гүлдей Астана

Елорда – менің Астанам

Елорда – менің бас қалам.

1992 жылы 4-маусымда Н.Ә. Назарбаевтың қаулы етуімен Мемлекеттік Рәміздер қабылданды.

Інжу: Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда

Төріне іліп қояды.

Айша: Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер төккен.

Билігім өз қолымда

Еркіндігім Елтаңбам.

 

Гаухар: Көк байрағы елімнің

Бүгінгі ұрпақ алауы.

Тірегі әке баланың

Қазақстан жалауы.

 

Димаш: Әнұраным, айбатым,

Тәуелсіздік – қайратым.

Достық, бірлік, татулық

Арманға жетті жаңғырып

Жастар салған айбатты үн.

1998 жылы Астана қаласы еліміздің астанасы болып жарияланды.

 

Қайыржан:

Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз

Шешімдері болмайды.

 

Тәрбиеші:

Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,

Тарихы оның тым ертеден басталған.

Бостандықтан құтқарам деп елімді,

Талай боздақ қара жерді жастанған.

«Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты оқиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін» деп елбасымыз сенім білдіреді. Бүгінде тәуелсіз мемлекетпіз.

Бітімбай Әсел Тыныштықбайқызы,
№16 «Ертегі» балабақшасы, тәрбиеші,
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы

Facebook арқылы пікір жазыңыз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*