Home » Айтарым бар » Туған жерге тағзым еткен аяулы жан..

Туған жерге тағзым еткен аяулы жан..

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің халқына жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық, әлеуметтік биктерге көтерлуі үшін рухани байлықтың,денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім.

Спорттың адам өмірінде алатын орыны ерекше.Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты,шыдамды шымыр болады.Біздің ата-бабаларымыз «Тәні саудың-жаны сау»деп бекер айтпаса керек.Гүлденген экономиканы дені сау,саналы азаматтар жасайды.

Жолдаудағы салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Туған жерге тағзым!» бағдарламасы аясында Арыс қаласына қарасты Байтоғай елді мекенінің тумасы,қазіргі таңда Алматы қаласында    «Бижан» ет ондеу зауытының        Хадиша Нұртайқызы туған ауылына заман талабына сай спорт кешенін салып беріп, демеушілік танытты.Ал спорт кешенінің ашылу лентасын Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадірбек және облыстық мәслихат депутатыРабиға Қуатбекова арнайы қиып,изгі тілектерін білдірді.Спорт кешенінде фудболшылар үшін арнайы киінетін бөлме,жасыл алаң,ойынға қажетті құрал жабдықтармен қамтылған,бәрі де заман талабына сай.Кез-келген уақытта доп тебуге болады.Бүгінде есігін ашқан спорт кешені салауатты өмір салтын ұстануга үндейтін жастардың бұқаралық спортқа тартатын тәрбие ошағы болатынына күмән жоқ.Кәсіпкер Хадиша Нұртайқызына ауыл тұрғындары атынан айтар алғысымыз шексіз.

Жүрегі « Елім» деп соғар бір туар азамат,азаматшаларымызға мың алғыс!

                                                Усманова Дина Мукановна

«М.Маметова атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі»

Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

Өзін-өзі тану пән мұғалімі

Оңтүстік Қазақстан облысы

Арыс қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*