Home » Поэзия » Тәуелсіздік тұғырың!

Тәуелсіздік тұғырың!

Тек «Т» дыбысы мен әріпінен басталып жазылған тәуелсіздікке арналған өлең

 

Телмірген терезеден талай тағдыр,

Тәуелсіздік тұғырың талайдан тұр.

Терейін тарихымның тағылымын,

Таусылмасын текті, терең татулығың!!!

 

Талмасын таудай темір тұлпарларың,

Теңсіздік түгелімен тоқырасын

Туымыз, таңбамыз тектіліктен,

Тербетіліп төбемізде, тауда тұрсын!

 

Тастандылар терезеден телмірмесін,

Тастағандар түзеліп, тектіленсін.

Тамырлардан тараған туғандарым,

Тілдеріңде тобашылдық тұнып тұрсын!

 

Тілеймін, талабы таудай  тумаларды,

Тіршілікке тілеймін тыныштықты.

Темірді тескен, төл тілің тазарылсын,

Тілемеспін, тақияңа таршылықты.

 

Тобықтының, Торғайдың, Тобылдардың,

Тілге тірек тиеген түлегімін

Тәңірімнен тебіреніп тек тілеймін,

Тағымыз тақымынан тарқамасын!!!

 

Таралған талайлардың тірлік торы,

Таңдалған, тайсалмайтын тарылары

Тәуелсіздік тойлансын, той табыссын,

Тарғындардай тайсалмайтын тіректері.

 

Табиғатың тамаша талшындардай,

Тасыған таудан таза толқындардай.

Тынышталмай теңіздер тербетіліп,

Теректі тоқылдатқан тоқылдақтай.

 

Тырналар тауды-тасты тастамады,

Тоғайда түлкі-тиын тату тұрды.

Тіршіліктің тірлігіне тіл тағылса,

Татулықтан талпынған, тәуелсіздік

Түйеге тән төзімділік тең туылды!

 

Туралық – Төлеге тән, Төстікке тән,

Тұғырың тұнық, таралған топырағыңнан

Тәуелсіздік талайдан, тұқымыңнан

Таңдайыңнан талпынған, тәй-тәйласқан.

Таласпасын, туламасын тұлпарың,

Тақсырыңның тағына – тарих толсын.

Тұрмысың тең, тереңге тескей татулық…

Тамыры терең Тәуелсіздік  төрлесін!

Тойлансын тәуелсіздік, той тойлансын!!!

 

Сайлауова Жансая Сейлбекқызы,

 Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

 М.Хәкімжанова атындағы

№20 орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*