Home » Жаңалықтар » Жаңа мектептің жаңашыл ұстаздары

Жаңа мектептің жаңашыл ұстаздары

 Ұстаз аты ардақты әрқашанда,

Білім нәрін сусындатар басты тұлға.

Жаңа ғасыр шәкіртін тәрбиелейді,

Ізденімпаз, жаңашыл ұстаз ғана.

 

Тәй-тәй басқан бұл мектептің жас қадамы,

Асқақтады, өрледі, шыңға шықты.

Ұшып қияға түлектері қанат қағып,

Жетістікпен көзге түсті абыройлы.

 

Өскелең ұрпағыңды тәрбиелейді,

Бар біліммен сусындатып әлдилейді.

Оқу менен тәрбие мәселесін,

Алға қойып, биік шыңға жетелейді.

 

Меңгерді ғылымды да, техниканы,

Үлес қосты, дамытты бұл саланы.

Мақтан тұтып жүремін ұжымымды,

Білімнің жарық нұрын сыйлағаны.

 

Тоқсаныншы мектебімнің мәртебесі,

Арта берсін мерейі, бел-белесі.

Ұстаздары жалықпайды үйретуден,

Оқытудың жаңашылдық дәстүрінен.

Нурсейтова Асель Балгабаевна,

№ 90 жалпы орта мектеп,

бастауыш сынып мұғалімі,

Шымкент каласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*