Home » Таным » Табиғат құбылыстарына байланысты ұғымдар арқылы балалардың шығармашылығын дамыту

Табиғат құбылыстарына байланысты ұғымдар арқылы балалардың шығармашылығын дамыту

 

 

 

  Табиғат құбылыстарына байланысты өлең-шумақ, тақпақтар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ырым–тыйым, нақыл сөздер арқылы арқылы балалардың қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамыту

Ел болып еңсесін көтерген ежелгі заманнан-ақ біздің ата-бабаларымыз өздері өмір сүріп отырған өңірдің табиғатын, ауа-райын бақылап, әрбір құбылысын зерделеп, жан-жануарлардың да қылықтарын, Ай, Күн, жұлдыздардың да сипатын назарынан тыс қалдырмаған. Осының бәрін сараптай келіп, алдағы жыл мезгілдеріне болжам жасаған.

Экологиялық мәдениет, экологиялық сана мен ойлау арқылы балалардың экологиялық құндылықтар туралы түсініктерін молайту.

Балалардың экологиялық танымын кеңейту және белсендіру. Табиғатты қорғау – адам өмірінің қажеттілігі екенін түсіндіру. Дәстүрден тыс техникалық әдіс-тәсіл арқылы балалардың қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балалардың экологиялық танымын кеңейту және белсендіру. Табиғатты қорғау – адам өмірінің қажеттілігі екенін түсіндіру.

Дәстүрден тыс техникалық әдіс-тәсіл арқылы балалардың қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Эстетикалық сезімін ояту. Айналадағы табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятып, ұғымын кеңейту, оның әсемдігін нәзік сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлыққа алуға баулу.
Экология бүгінгі күннің талаптарын жан-жақты қарастыратын көптеген ғылымдар жүйесінен тұрады. Адамның өмірі табиғатпен тығыз байланыста. Қазіргі уақытта эколог ғалымдарды толғандыратын мәселелердің бірі – адамзат өмір сүріп отырған «Жер – Ананы» сақтап, қорғау.   Табиғатты қорғауға, аялауға, экология ұғымын терең меңгеруге арналған. Жергілікті жердің экологиясы, адам мен табиғаттың қарым-қатынасын, онда өмір сүріп келе жатқан тіршілік иелері туралы толық мәлімет алады.

Табиғат құбылыстарына байланысты өлең шумақ, тақпақтар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ырым-тыйым, нақыл сөздер жиынтығы арқылы балалардың ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту.

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.

Қазақ Жұмбақтары ежелгі дәуірде туып, қазіргі кезеңге дейін ұзақ даму жолынан өтті. Жұмбақ бейнелі суретпен айтылады.

Халық арасында жиі қолданылатын табиғатқа байланысты ырым-тыйымдар.

Жасөспірімдерді ақыл-парасатқа, шешендікке, тапқырлыққа, мәдениетке баулитын табиғатқа байланысты жинақтың мазмұны өте зор. Осы жинақта табиғат құбылыстарына деген өзіндік ерекшеліктерін байқауға болады.

Қорыта келгенде, табиғат туралы шығармалар жинағының жасөспірімдерді тәрбиелеуде тигізер пайдасы өте зор.

Бижамал ЕСЖАНОВА,

«Балдырған» бөбектер бақшасы» МКҚК әдіскері,

Павлодар облысы, Ақсу қаласы

 

 

One comment

  1. Гульназ

    Өте керемет жазылған

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*