Home » Білім және заң » Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заң жобасының негізгі бағыттары

Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заң жобасының негізгі бағыттары

Тегін заң көмегіне қол жеткізу құқығы Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген және халықаралық міндеттемелерімен кепілденген әділсотқа қол жеткізуді қамтамасыз ету құқығының ажырамас бөлігі болып табылады.

Бүгінгі күні заң көмегі саласында адвокаттардан басқа, нотариустар, жеке тәжірибемен шұғылданушы заңгерлер және басқалар да қатыса алатынын атап өткен жөн. Алайда, тек адвокаттар мен нотариустардың қызметі ғана арнайы заң шығарушылық реттеуге ие болды. Жеке тәжірибемен шұғылданушы заңгерлер заң көмегін көрсетуші субъектілер ретінде заңды түрде белгіленбеген. Олармен көрсетілетін заң көмегінің біліктілік деңгейіне кепілдік беретін нормалар бекітілген, бұл адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға септігін тигізеді. Осы орайда аталған саладағы олардың қатысу үлесі елеулі. Олардың қызметінің басты түбегейлі шарты, сотта тұлғалардың мүдделерін қорғау түрінде заң көмегін көрсететін заң кеңесшілері палатасының мүшесі болу болып табылады.

Білікті заң көмегін ұсынуды қамтамасыз ететін институттардың бірі – нотариат. Адвокатураны жетілдірумен бірге тұжырымдамамен нотариаттың қосымша тұрақтылықты және азаматтық айналым қатынасында заң қауіпсіздігін, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін сапалы қорғауды қамтамасыз ететін инфрақұрылымның бөлігі ретінде оның нормативтік-құқықтық рөлін анықтау белгіленген. Нотариаттың ұлттық үлгісі нотариаттық қызметтің еліміздің барлық аумағында қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет.

Сонымен қатар, заң жобасын әзірлеудің негізі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы құқықтық саясат бойынша Кеңестің 2017 жылғы 8 ақпандағы отырысының хаттамасымен (әрі қарай – Хаттама) көзделген тапсырмалар болып табылады. Хаттамамен, бірінші кезекте, тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған, сондай-ақ шалғай жерлерде тұратын қабаттарына ұсынылатын қызметтердің сапалылығын және оның азаматтарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында заң қызметін көрсету саласын одан әрі жетілдіру қажеттілігі айтылған. Хаттамада келесілерге бағытталған Заң қызметін көрсету аясын жетілдіру туралы ұсыныстар беру көзделген: заң қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға; адвокатура институтын нығайту, оның ішінде адвокаттарға қойылатын талаптарды арттыруға.

Білікті заңгерлік көмек алу құқығы демократиялық қоғамның жеке бас бостандығы, әділсотқа жету құқығы, кінәсіздік презумпциясы, адамның намысы мен абыройын құрметтеу сияқты және көптеген басқа іргелі негіздерінің кепілдігі болып табылады. Түптің түбінде әр азаматтың игілігі мен қауіпсіздігі осындай көмектің қаншалықты пәрменді әрі қисынды ұйымдастырылуына байланысты болмақ. Сондықтан осы мәселені шешудің маңызы зор әрі қоғам мен мемлекет тарапынан тиісінше назар аударуды қажет етеді.

М. Есбаев,

Сырдария аудандық Әділет

басқармасының бас маманы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*