Home » Жаңалықтар » Ақтаулық оқушы Президенттік олимпиаданың жеңімпазы

Ақтаулық оқушы Президенттік олимпиаданың жеңімпазы

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Жәңгір Махмутов 7-10 қараша аралығында өткен Х Президенттік олимпиададан алтын медаль иеленді. Сайыста республикадан келген ең үздік 160 оқушы жаратылыстану-математика бағыты бойынша өз бақтарын сынады.

Олимпиада үш кезеңде өтті – бірінші кезеңге Зияткерлік мектептерден 500-ден астам оқушы қатысты. Екінші кезең республиканың барлық өңірлерінде бір мезгілде онлайн режимінде өткізілді. Сондай-ақ, бұл кезеңде эссе жазды. Ал үшінші кезең, Теміртау қаласында өтті.

  • Олимпиаданың екі күнінде химия, биология, математика, физика пәндері бойынша тапсырмалар берілді. Жарыста жеңуім мені үзбей дайындаған мұғалімдердің арқасы. Бұл жеңіс солардың жеңісі деп білемін, – дейді Жәңгір Махмутов.

Зияткерлер байқауына академик Мұхтарбай Өтелбаев бастаған елімізің белді университеттерінің ұстаздары төрелік етті.

Айта кетейік, математика, физика, химия және биология пәндері бойынша өтетін президенттік олимпиада, талантты жастарды анықтау және қолдау бағыттарының бірі. Олимпиаданың негізгі идеясы – Қазақстандық оқушылардың ғылым және математика пәндеріне қызығушылығын кеңейту, оларды патриотизм рухында тәрбиелеу. Шара ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, Жәңгір Махмутов, 11-сынып оқушысы Нұрдаулет Мараловпен бірігіп «Hello Tourist» жобасын жасақтауда. Команда Астанада өткен Ұлттық инновациялық технологиялар Олимпиадасына қатысып, жобаларын ұсынып та көрді.

  • «Hello Tourist» жобасы – бұл  еліміздің көрікті жерлерін туристерге таныстырып қана қоймайды. Сол жерге баратын көліктердің, аймақта бар тамақтану орындары, ұйықтайтын жерлер туралы ақпарат, байланыс нөмірлері көрсетілген тегін мобильді қосымша және сайттан тұрады. Ақпаратты жаңартып, үнемі толықтырып отыруға жағдай жасап жатырмыз. «Қазақстан 2050» қозғалысының ұйымдастыруымен тұңғыш рет өткен олимпиадаға барып, жобамызды таныстырдым, – дейді Нұрдаулет Маралов.

Республика бойынша байқауға 200-ден астам адам қатысуға ниет білдірген. Тек соның 55-і ғана іріктеп алынып, түрлі сынақтардан өтті. Мәреге тек 10 оқушы ғана жетіп Астанада өз жобаларын қорғады. Нәтижесінде Нұрдаулет Маралов пен Жәңгір Махмутов «ШАГ» компьютерлік академиясында бір жыл тегін оқуға сертификат жеңіп алды.

Оқушылар жобасын әлі де жалғастырмақ. Зияткерлердің жоба жетекшісі Азамат Туйтиннің сөзінше, бұл еліміздің көрікті де көрнекі жерлерін дамытуда айтарлықтай үлес қосады.

Ақтау қаласы

химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебінің

баспасөз қызметі

 

Facebook арқылы пікір жазыңыз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*