Home » Білім және денсаулық » Болашақ кәсіби маман – дені сау тұлға

Болашақ кәсіби маман – дені сау тұлға

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыру тиіс» – деген терең ойды ортаға салды.

Ал, біздер, яғни білім-тәрбие беру, болашақ кәсіби мамандар даярлау саласының қызметкерлері үшін рухани жаңғырудың темірқазығы – ұлтжанды, елінің болашағын ойлайтын, болашақ мамандығын жүрек қалауымен таңдай біліп, өміріне мәңгілік серік етер жастарға бағыт-бағдар бере білу. Жастардың болашақтағы мамандықтарын дұрыс таңдап, кейін өкінбей бүкіл болмысымен, жан дүниесімен, әрі шын мәніндегі кәсіби шебер маман ретінде халқына адал қызмет көрсетулеріне жол сілтеу.

Астана қалалық Медициналық-техникалық колледжінің қаламыздағы жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сыныптары арасында кәсіптік бағдар беру мақсатында «Рухани жаңғыру» айдарымен «Кәсіби мамандыққа көзқарас» атты ашық есік күнін өткізудегі басты мақсаты да осы. Колледж бұл ашық есік күнін Білім басқармасымен «Интерстом» стоматологиялық клиникасымен бірлесіп өткізіп отыр.

«Интерстом» стоматологиялық клиникасы өздерінен емделуге ұсыныс жасап отыр. Ашық есік күніне қатысқан 9-11 сынып оқушылары тіс тазалаудан, ауыз қуыстары ауруларынан емделуге кеңес беретін 100-ге жуық тегін сертификаттар алды.

Қаламыздың 9-11 сынып оқушылары колледжімізде дайындалатын барлық мамандықтар туралы арнайы әзірленген кәсіби мамандық көрмелері арқылы және медициналық техникаларда: тіс емдеу, оптика, дәрі-дәрмек, тіс протездерін жасаудағы жұмыс істеу процестерін көзбе-көз көріп, танысу мүмкіндіктеріне ие болып, толық мағлұматтар алды.

Бұл кездесудің ең маңыздысы қала мектептеріндегі тәртібі қиын, отбастары аз қамтылған жеткіншектердің біздің колледжімізде оқитын оқушы-студенттердің өмірімен танысып, еңбек ететін ақ халатты абзал жандардың жан жылуы мен жүрек жарды мейірім шуақтарын сезінсе дейміз. Адамға өмір сыйлау, тән жарасы мен жан жарасын емдеудің қаншалықты биік, асқақ, ғанибет іс екенін іспен, көрнекі медициналық құралдармен, тәжірибелік жұмыстармен айшықты етіп көрсетсек деген ойдамыз.

Астана қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*