Home » Таным » Роботты техника негіздері бойынша ARDUINO модулі

Роботты техника негіздері бойынша ARDUINO модулі

Қазіргі заманауи өмірді ақпараттық технологияларсыз елестету өте қиын. Қоғамның ақпараттандыруға қарқынды өтуі ақпараттық технологиялардың адам қызметінің түрлі салаларына барынша терең енуін негіздейді.

Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Әлемде кезекті, Төртінші өнеркәсіптік революция басталды. Табысты өткен екі жаңғыру арқылы баға жетпес тәжірибе жинақтадық. Біз енді алға батыл қадам басып, Үшінші жаңғыруды бастауға тиіспіз. Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз» деп атап көрсетті. Мемлекет басшысының тапсырмасымен ІТ салаларын дамыту мәселелері Үкіметтің басты бақылауында болып, бүгінде оқушыларды мектептен бастап осы салаға дайындау өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Сол себепті, бүгінгі таңда білім беру ұйымдарында төртінші өнеркәсіптік революцияның элементтерін: автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллекті ендіру дамудың негізгі факторы ретінде қарастырылуда.

Робототехника – математика, физика, информатика, технология, инженерия және т. б. негіздерін өзара ықпалдастыруды көздейтін пәнаралық элективті курс. Бұл курс – оқушылардың ғылыми-техникалық бағыттағы жеке білім беру қызығушылықтарын қанағаттандыратын, олардың шығармашылық әлеуетін барынша толық көрсететін ең маңызды тетіктердің бірі және жеке білім алу маршруты мен жасөспірімнің кәсіби өзін-өзі анықтауының құралы болып табылады.

Қазақстандық білім беру бағдарламаларында робототехника маңызды мәнге ие болып отыр. Еліміздің мектеп оқушылары робототехникалық құрылғыларды жобалауға және бағдарламалауға тартылған. Қазіргі таңда жасанды интелектті жобалауға арналған бірден-бір бағдарлама – Arduino модулі. Бұл жобаның негізі – мамандандырылған тілде контроллер үшін код жазуға болатын базалық аппараттық модуль және бағдарлама, әрі ол бұл модульді қосуға және бағдарламалауға мүмкіндік береді.

Arduino контроллеріне қуат көзі келгенде оған жүктелген сол бағдарламаны орындау автоматты түрде басталады, егер бағдарлама жоқ болса немесе дұрыс жазылмаса, іркіліс болады, ол не команданы орындауды тоқтатады, не бағдарламаның кіріптарлығына әкеледі. Орындалатын бағдарламаның нөмірі жадының арнайы ұяшығында сақталады, ол команда санауышы деп аталады.

Arduino Uno микроконтроллері

Arduino жобаларында қолданылатын бағдарламалау тілінің негізіне, төменгі деңгейдегі командалармен жұмысты, сондай-ақ күрделі объектілерді құруды қолдайтын ең кеңінен пайдаланылатын бағдарламалау тілдерінің бірі C++ салынған.

Кез келген роботтың мәні – бұл процессорлық базасы және бағдарламасы (немесе бағдарламалар жинағы) бар аппараттық құралдар. Сондықтан, бағдарламалау тіпті ең қарапайым роботты құру процесінің ажырамас элементі болып табылады. Оқушылар Arduino модулін бағдарламалауды үйренгеннен кейін, қатарына роботтар да жататын қызықты және пайдалы электронды құрылғыларды құруға дайын болады. Arduino жобасымен танысқаннан соң оқушылар робот жасауды өзінің болашақ мамандығы ретінде таңдауы мүмкін.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  • Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауы, 31 қаңтар 2017ж. http://www.akorda.kz
  • Arduino для начинающих волшебников / М. Банци. – М.: Рид Групп, 2012. – 128 с. – (Один дома).
  • Arduino, датчики и сети для связи устройств / ИгоТ.: Пер. с англ. – 2-е изд. – СПб.: БХВ-Петербург, 2015. – 544 с.
  • Наука. Энциклопедия. – М.: «РОСМЭН», 2001. – 125 с.
  • Ньютон С. Брага. Создание роботов в домашних условиях. – М.: NT Press, 2007, 345 стр.;
  • ПервоРобот NXT 2.0: Руководство пользователя. – Институт новых технологий;

Садыкова Гулайм Абиовна

«Басқару және білім беру сапасы»

кафедрасының аға оқытушысы

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы

ОҚО бойынша ПҚБАИ,

ОҚО, Шымкент қаласы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*