Home » Жас қалам » Гүл ғажайып әлемі

Гүл ғажайып әлемі

       Жаз келді. Күн шығып, дала жасыл кілемге оранып, әдемі гүлдер   жайқалуда. Балалар демалысқа шығып ауылдағы ата-әжесіне барады. Күн сәулесі адам денесін ысытады. Көп отбасылар енді теңізге барады. Қалың киімдер салынып, жеңіл киімдер шығады. Далада шыбындар, көбелектер, инеліктер ұша бастайды. Жаз өте ыстық болады, сондықтан отбасылар көп уақытын далада өткізеді. Төрт-түлік малдар төлдейді.

Жаз – төрт мезгілдің бірі. Жаз айлары өте ыстық болады. Балалар демалысқа шығып, таңнан кешке дейін асыр салып ойнайды. Ал кейбірі жүктерін жинап алыстағы туыстарына кетеді. Жазда күн астында жүріп-ақ қарайып кетесің. Мен өзім Қарағанды облысының тұрғынымын. Қарағанды жаз кезінде өте ыстық болып тұрады. Жаз мезгілінде егін егіп, бақшаның жұмысымен жүресің. Әрине біздің ең көп жейтін жемісіміз – қауын-қарбыз. Біз оларсыз жазды өткізе алмаймыз, жаз мезгілінде құстар ұшып келеді, олар да аспанда шыр көбелек айналып жүреді. Сайраған бұлбұлдар, қаңқылдаған қаздар, тоқылдаған тоқылдақтар – бұлардың бәрі жаздың сәні емес пе?!

Ерболатқызы Зарина,

«Талдыбұлақ ЖОББМ» КММ,

                                                                  2-сынып оқушысы

жетекшісі: Балапанова Гүлбану

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*