Home » Жас қалам » Әжеме сағыныш

Әжеме сағыныш

Бір жыл болды өзіңді көрмегелі,

Мейірімің мен шуағыңды сезбегелі.

Сағыныштан сарғайып қалам алдым,

Шабытымның суына шөлдегелі.

 

Әже сенен үйрендім мен барлығын да,

Жоқтығың сенің мені салды қайғы-мұңға.

Мектептегі алғашқы күні жылап келдім,

Жәутеңдетіп жүзімді алдыңызға.

 

Жетектеп қолды қысып, алып бардың,

Мұғалімге мен үшін айқай салдың.

Тәтелерім үйге келсе бәрін бірдей,

Немереме не әкелдің деп сұраққа алдың.

 

Мейлі басын екі әріптің құрамадым,

“Неге өйттің?” деп менен сен сұрамадың.

Балалықпен ойнап сені қамасам да,

Кешірмей сен де мені тұра алмадың.

 

Жылағанда мен екен деп бұрылдың,

Талай құлап, сүрініп мен жығылдым.

Ұрысса да анам, әкем сенсің деп

Басқаға емес саған барып жыладым.

 

Кешір мені, бұзық болдым талай да,

Әлі есімде қамағаным сарайға.

Жаныңа алып бір елі тастамадың,

Жақсы көрем бірақ сені қалайда.

 

Асыл бейнең кетер емес алдымнан,

Сенімен ғана көрікті екен бар тұлғам.

Қалам алып жырды үйіп-төксемде,

Сенің үнің – жарқын үнің жаңғырған.

 

Жансыз сенің суретің ілулі тұр,

Жанымды елең етер құдірет бұл.

Ақ жарқын жүзіңді мен елестетем,

Шын сағынам әрқашан, осыны біл!

 

Балаңның бақытын да білгендейсің,

Әр кез менің қасымда жүргендейсің.

Анам мен әкемнен де жақсы көрем,

Жырыма жымиып сен күлгендейсің.

 

Жазамын әлі жырымды, осымен тоқтап қалмаймын,

Кешір мені, енді бұзық болмаймын.

Осы жерде балалықпен қоштасамын,

Бәрібір мен,

Сенен басқа ешкімге еркелей де алмаймын!

 

 

Адам болып өту – парызымыз!

Сезініп тұрып бір ойдың барын санамда,

Сана-сезімім шарықтасыншы ғаламда.

Ауасы тұман, ал суы сұрғылт, ластанып жүр ғой табиғат,

Солар секілді ластанып барады адам да.

 

Тасып бір қаным, тулап тұр шабыт бір келіп,

Ал пенделер бір өсіп, бір пейілденіп.

Күйзеліп алып жүрегі ызаға толғандай,

Адамдар тек жаманға бейімделіп.

 

Ес жиғандай болмайды жандарға енді,

Жаны кіргендей бір әсерге ол бөленді.

Дәл сол бәлекет жақындарыма жоласа,

Жаным ашиды тітіркендіріп денемді.

 

Есірткінің арқасында өсірді адам,

Жақыным қазақ, менің соларға есім алаң.

Осындай өз елімде болып тұрып,

Тұрғандай ой шыңында жазбас қалам.

 

Болашаққа бар енді қарызымыз,

Адам болып бұл дүниеге келгеннен соң.

Адам болып өту – біздің парызымыз.

 

Санақұл Бексұлтан Бағдатұлы,

№ 261 С. Лапина атындағы қазақ орта мектебінің 9 “А” сынып оқушысы

Қызылорда қаласы

 

 

 

 

7 пікір

  1. Жарайсың. Тек қана алға

  2. жараисың. өте жақсы жазылған . тамаша

  3. Жадыра

    Өркенің өссін жас ақын

  4. Сара Садыкова

    Жарайсың інім. Тек алға

  5. Тойжанова ляззат

  6. Жарайсын Бексұлтан қаламың ұштала берсін

  7. Жарайсын жаным молодец

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*