Home » Жас қалам » Бақытты балалық шақ

Бақытты балалық шақ

     Әр баланың балалық шағы болады. Менің де бақытты балалық шағым жалғасып, бейбіт өмірде  көтеріңкі көңілде өтіп жатыр. Балалық шақтың куәсі болатындай қызықты оқиғалардың бәрі есімде. Ата-анама мен әлі баламын, өйткені мені еркелетеді, ойнатады, қуантады. Ал әжем болса мені арқасына отырғызып балабақшаға апаратын. Әкем сайқымазақ болып, анам аяз ата, қуыршақ болып менімен ойнайтын. Балдай тәтті күндерім осылай жалғасуда .Өйткені мен бақыттымын.

Әжемнің айтқан сөздері, ақыл-кеңесі мәңгі жадымда сақталады. Өйткені әжем өткен өмірінен сыр шертетін, әрине соғыс кезі туралы әңгімелейтін. Қиналған сәттерін көз алдына елестетіп айтатын болса керек, көз жанарынан аққан жасын маған көрсетпей сүртіп тастайтын.

«Ертегі айтып ұйықтатып, жан-тәнімен бар мейірімін төгіп шуақты сәуле сыйлайтын алтын әжем менің» – деп есіме аламын. Осы өлең жолдары еріксіз ойға орала береді.

Көз жасын сығып оқыстан,

Күрсінеді кейде әжем.

«Соғыс қайтып келмесін,

Балапаным» – дейді әжем

 

«Құлыным» деп құшақтап,

Шашымды сыйпап сүйді әжем.

«Жеңіс күні жасасын,

Бақыттысың» – дейді әжем

                                                                                        Түгелбай Рузанна,

Опорный орта мектебінің 4  «А» сынып оқушысы

 Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*