Home » Проза » Тәуелсіздік қазақтың – бақ жұлдызы

Тәуелсіздік қазақтың – бақ жұлдызы

Еліміз бұл –егемендікке оңай жеткен жоқ.Ұл – қызы тізе қосып, қасық қаны қалғанша аянып қалмады. Келешек ұрпақтарын ойлап, күн демей, түн демей шайқасқан ата – бабаларымызға мың алғыс!

Батыр ұл – қыздарымыз жаумен бетпе – бет келіп, халық қорғаны бола білді. Қолдан жасалған ашаршылықтың кесірінен, бірінің етін – біріне жегізіп, халқымыздың санын кемітіп, қала берсе басқа мемлекетке ауып кетіп, тарыдай шашылған қазақтың бытырауына да себепкер болды емес пе?! Оның бірін көрмеген біз қандай бақытты ұрпақ едік!…

Сұрапыл соғыстағы бабаларымыздың орны бір бөлек болса, тылда еңбек етіп, ет жүрегі езіліп, баласының аман оралуын тілеп, еркектің ауыр жұмысын атқара білген қайран әйел – аналар – ай!…

Сонда да бізді қазақ деп мойындамады.Ресей қоластында болып, дәстүріміз бен тілімізді, дінімізді жоғалттық. Жетпіс жыл орысша сөйледік. Бұл жағдайда ұлт болып қалу үшін, батырларымыз атқа мінсе, ақындарымыз қаламмен күресе білді. Сөйтіп, 1991 жылы Тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Бұл елімізге ұмытылмас мейрам да болды, батырларымызды жоғалтқан қайғылы күн де болды. Енді біздің Тәуелсіздігімізді әлем мойындады. Жеріміздей көңілі де кең халықпыз. Асанқайғы армандаған «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» міне – осы! Енді біз нық сеніммен алға қадам баса аламыз.Еліміз тәуелсіздікпен бірге мәңгілік мақсаттарына қол жеткізіп,Астана қаласын тұрғызды.Ендігі ұрпақ мәңгілік елдің перзенті болмақ. Міне, еліміздің бар байлығы, бақыты – ТӘУЕЛСІЗДІК!!! Ата – бабаларымыз өздеріне келешек ұрпақтарын аман сақтап, Тәуелсіздікті алуды парыз етті.Енді біздің парызымызымыз осы Тәуелсіздікті сақтап, тәуелсіз, бейбіт, тыныш қалпында ұрпақтарымызға табыстау. Біз елімізді көркейтуіміз керек. Сонда тәуелсіз ел атына лайықты боламыз. Мысалға алатын болсақ, «Мәңгілік ел», « ЭКСПО- 2017» тағы басқалары. Осылардан бөлек жұмыстарды қолға алатын болсақ,нағыз тәуелсіз ел болып, елімізді көркейтуге үлес қосар едік. Біз «Тәуелсіз ел» деген атқа лайықпыз,біз Тәуелсіз елміз әрі әрдайым осылай болады деген үміттемін! Осы егемен өміріміз үшін ата – бабаларымызға, Нұрсұлтан атама алғысым көп!!!

Басқа елге болдық тәуелді,

Пана етіп жат елді. Ұл – қыздарым адасқан,

Өз ойымен шатасқан, Мұңлы жылдар – осы еді.

Қолдарына қару алып,

Жол бастады Қабанбай,

Қол бастады Наурызбай, Ұран салды Абылай.

Жеңіске жетіп, шаттанып, Қолдарына ту алып, Олар шексіз қуанды- Себебі Құдай қолдады.

Міне – бізде алтын күн Енді елім жығылмас, Төріндегі халқымның, Тіккен туы құламас!

Тәуелсіздік алып берген, Хандарыма көп алғыс! Бірлігімізді нығайтқан, Елбасыма мың алғыс!!!

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданының

Талдыбұлақ ЖОББ мектебінің

6 сынып оқушысы Төлеухан Зарина

Жетекшісі Тоқбергенова Нұрлыгүл Қазкенқызы

Facebook арқылы пікір жазыңыз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*