Home » Білім және денсаулық » Басты байлық

Басты байлық

Қазіргі таңда денсаулық саласында әр – түрлі ауруға шалдығатын балалардың сан көрсеткішінің күрт өсуі байқалады, сонымен қатар балалардың денсаулықтарының нығаюының жаңа амалдарының ізделу маңыздылығы артып келеді. Осы мәселе құрамында балалардың ерте жастан жүзіп үйренуі басты мағына береді. Қостанай қаласындағы №61 бөбекжай – бақшасының педагогтары мен тәрбиешілері ерен еңбек үлгісін көрсетіп келеді. Мәселесі, «Денсаулық сақтау технологияларын қолдану арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбында денсаулықта болатын өзгерістерді болжау және соған сәйкес педагогикалық-психологиялық, түзету және сауықтыру іс-шаралар жоспарлап ұйымдастыру. Өткізілген іс-шаралардың негізгі мақсаты – жалпыұлттық «Мәңгілік Ел» идеясынан туындаған жалпы адамзат құндылықтарына, патриоттылыққа, толеранттылыққа тәрбиелеу және сонымен қоса әлеуметтік-психологиялық, жеке тұлғалық, еріктілік, интелектуалдық және баланың физикалық дайындығын жан-жақты қамтамасыз ету, сонымен қатар балалардың рухани – адамгершілік мәнін, білімін, біліктіліктерін және жас ерекшеліктерін ескере отыра жеке мүмкіншіліктеріне сай дағдыларын қалыптастыруына негізделе, сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру. Денсаулық сақтау технологияларын қолдана отырып балалардың физикалық қабілеттіліктерін және қимылдың негізгі түрлерін қалыптастыра ғана қоймай, жүйелі түрде сауықтыру жұмыстарын жүзу оқу қызметі арқылы орындайды. Мәселен, бұл балабақшада балалардың қуана күтетін жүзу сабақтары жүргізіледі. Балабақша бүлдіршіндері жүзу оқу қызметін ерекше қызығушылықпен асыға күтуде. «Бірінші байлық – денсаулық» демекші, бұл сабақтар бала ағзасына өте пайдалы. Жүзу – жүйке жүйесін бекітіп, баланың ұйқысын, тәбетін жақсартады, сол себептен дәрігерлер жүзуді емдік амал ретінде ұсынады. Жүзу балалардың дене құрылысын, денсаулығын жүйелі түрде нығайтуға пайдалы әсерін тигізеді. Сонымен қатар жүзу сабағы балалардың қол-аяқтарының тірек-қимыл жүйесін бекітіп, денесін дамытып, төзімділігін арттырады. Баланың денесі күшті, буындары иілгіш, қимылдары шапшаң және әсем болуына ықпалын тигізеді. Судың сауықтырушы күштері бала ағзасының шынығуына елеулі ықпал етеді.

Тұтас балабақшада түрлі жас топтарында судың ішіндегі қимыл белсенділігін арттыру үшін дамытушы ортаны қолайлы ұйымдастырып су ортасына бейімделуге жақсы ықпал жасалған. Барлық жас топтарында жалпақ табандылықтың алдын-алуға, жалпы сауықтыруға әсер ететін, судың ішіндегі қимылды ойындар мен жаттығуларға сәйкес құралдар бар. Қимылды ойындардың бала жас ерекшелігіне байланысты сәйкестігімен қатар қызығушылықтарын сақтай отырып балалардың суға ойын арқылы бейімделуіне қол жеткізеді. Жүзу бөлмесінде жас ерекшеліктеріне және мүмкіндіктеріне сәйкес гигиеналық және эстетикалық талаптарға сай таңдалған жүзу құрылғылары доптар, құрсаулар, үрленген шеңберлер және т.б. құрылғылар бар. Жүзу кезіндегі балалардың денсаулығын сақтау бойынша жұмыстар тәрбиешінің, медбикенің қатысуымен және тікелей жүзу нұсқаушысының басқаруымен жүргізіледі. Судағы сабақтарды тиімді және қолайлы етіп ұйымдастыру және бала ағзасына кері әсерін тигізбеу үшін, бұл іске өте мұқият қарап балалардың жас ерекшеліктерін ескере алуан түрлі технологияларды қолданады.

Судың ішінде денсаулық сақтау технологияларының оң әсер етуі суға түсердің алдында және судың ішіндегі гигиеналық талаптарын ұстанып, судың ішіндегі қауіпсіздік, құрғақ жердегі және судың ішіндегі жаттығулар кешенін жүйелі түрде қолданып, тыныс алу гимнастикасының элементтері мен өзін суда ұстау мәдениетін қалыптастырып, өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға тұрақты жағымды ынта қалыптастыру арқылы біртіндеп, жүйелі және кешенді қолданғанда мүмкін болатынына балабақша педагогтары мен тәрбиешілері сенімді. «…Ал ең бастысы, балалардың болымды әсерленушілік күйлері мен шексіз қуаныштарын бақылау – біз үшін басты байлық, табылмас ем» – дейді олар.

Амирхамзина Райгүл Гильмановна

Қостанай қаласы әкімдігінің

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім

бөлімінің №61бөбекжай-бақшасы» МКҚК,

Жүзу нұсқаушысы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*