Home » Спорт » «Дарабоз» қызықты өтті

«Дарабоз» қызықты өтті

Жақында Рахат ауылының №18 орта мектебінде «Дарабоз» эстафеталық ойыны өтті. Салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат тұтқан бұл сайысқа мектептің 6-7 сынып оқушыларынан құрылған төрт топ қатысты. Сайыстың әділ бағасын беруге әділқазылар құрамына оқу ісінің меңгерушісі Молдабеков Асқар, дене шынықтыру пән бірлестігінің жетекшісі Авезов Мақсат, мектеп әдіскері Абиева Нұргүл, мұғалім Егізбаева Раушан сайланды. Сайыс бес кезеңнен тұратын түрлі спорттық ойындардан құралды. Әр бөлім қызықты өтті.

Сайыста «Қыран» тобы қозғалыс шапшаңдығы, ептілігімен көзге түсті. Сайыс соңында ерекше дарабоздығымен көрінген «Қыран» тобы I орын, «Тұлпар» тобы II орын, «Ұлан» тобы III орын, «Сұңқар» IV тобы орын иеленді. Бұл «Дарабоз» ойынын өткізуге мектептің дене шынықтыру пәні бірлестігінің мұғалімдері белсенді түрде қатысты. Сайыс соңында әр топ «Алғыс хатпен» марапатталды. Мектеп директоры Ходжа Ахмет Төлегенұлы Дүйсенбаев жарысты ұйымдастырған Авезов Мақсат пен Жұматаев Жұмабекке және дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне табыс тілей отырып, өз ризалығын білдірді.

Бақытова Ақмаржан  Сексенқызы

№18 орта мектеп мұғалімі

Маңғыстау облысы,

Жаңаөзен қаласы,

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*