Home » Спорт » Спорттағы жетістіктер

Спорттағы жетістіктер

Мектебіміздің дене тәрбиесі мұғалімдері оқушыларды дене тәрбиесі және спорт сабақтарына жүйелі тартуға, жалпы сауықтыру-шынықтыру және спорттық жұмыстардың сапасын, ұйымдастырылу деңгейін арттыруға, оқушылардың денсаулығын нығайтудағы дене тәрбиесінің жаңа инновациялық технологияларын игеруге бағытталған жұмыстар жүргізіп келеді. Балалардағы қажетті физикалық дайындықты қамтамасыз ету, өздігінен білім алу дағдысын дамытуға, денсаулық мәселесін шешуге, кез келген жағдайда өзін ұстай алуға дене тәрбиесі сабақтарынан басқа осы мәселелерді шешетін басқа да жұмыс түрлері қажет. Солардың біріне сабақтан тыс өткізілетін іс-шаралар: спорттық жарыстар, секциялар, денсаулық күні жатады. Оқушылардың сабақтан тыс оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың бір түрі білімді, дағдыны, қабілетті қалыптастыру, денесін дамытудағы секциялар мен үйірмелер болып табылады. Олардың негізгі тапсырмалары: физикалық сапаны дамытуға бағыт, дене тәрбиесі сабақтарында үйренген қозғалыс дағдысын жетілдіру, президенттік нормаларды тапсыруға дайындық, патриоттылыққа тәрбиелеу, Отанды қорғау міндетіне дайындық. Өз алдымызға секциялардың барлығын ұйымдастыру үшін оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға көңіл бөлу керек деген мақсат қойдық. Бұл үшін әртүрлі құралдар қолданылады. Атап айтсақ, фотостендтер, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жиындарда марапаттау, жарыстар өткізу, спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуде оқушыларды баулу. Спорттық жетістіктерге жету үшін секцияларға қатысу керек дегенді түсіндіргіміз келеді. Дене тәрбиесі сабақтары мен секцияларға қатысудағы жетістіктерді мектепішілік және қалалық жарыстардан көруге болады. Біздің оқушылар Павлодар қаласының жалпы орта білім беру мектеп оқушылары арасында өткізілетін қалалық спартакиадаға белсенді қатысады. Шәкірттеріміз Президенттік жарыс, шаңғы, тоғызқұмалақ, қазақша күрес, баскетбол бойынша жарыстарда жүлделі орындарды қанжығаларына байлауда. Е.А. Алибековты еске алуға арналған жарыста да өз күштерін сынап, жүлделі орындарға ие болды. Президенттік жарыс бойынша облыстық жарыстағы күзгі кросста оқушымыз І орын иегері атанды. Жыл сайын мектебімізде дене тәрбиесі мұғалімі С.У. Темірбаеваны еске алуға арналған баскетбол бойынша 35, 25, 12, 2, 19, 22 жалпы орта білім беру мектептерін шақыру арқылы қалалық турнир өткізіледі. Осы жылы мектебіміздің ұлдар командасы ІІІ орынға ие болды. Биылғы оқу жылында күнтізбелік жоспарға сәйкес спорттық, сауықтыру іс-шаралары сыныптар, ата-аналар арасында ұйымдастырылды: «Денсаулық күні», «Денсаулық» апталығы. Мұғалімдер, ата-аналар, Ленин кентінің жастары арасында волейбол, баскетбол, көңілді жарыстар бойынша ойындар өткізіледі.

Г.Б. Шандыбасова,

№ 33 ЖОББМ, дене тәрбиесі мұғалімі

Б.М. Кәріпова

Дене тәрбиесі мұғалімі, ӘБ жетекшісі

Павлодар қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*