Home » Ашық сабақтар » «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» отбасылық сайысы

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» отбасылық сайысы

Мақсаты:  Балалар  мен  ата-аналарға  спорттық  ойындарды орындата отырып,  спортқа деген қызығушылықтарын  арттыру. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының  нығайтуы, салауатты  өмір  салтын  ұстануға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: доптар, кеглилер, шығыршық, уақ доп, құрсаулар, кедергілер, қаптар, шайба, хокей клюшкасы, секіргіштер.

Жүргізуші: дене шынықтыру маманы – Қазыханова Марта Асылбекқызы

Құрметті  әріптестер, ата-аналар  және  балалар, бүгінгі «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» отбасылық сайысымызға хош келдіңіздер!  Көңілді жарысымызға ересектер және ортаңғы тобымыздың бүлдіршіндері мен ата-аналары қатысады.

Жарысқа  қатысушыларды  шақырамыз,

                                      Әр таңды бақытпенен атырамыз.

                                      Өнерді ой  көгінде бақылаңыз,

                                      Сайысқа қатысуға  енді ортаға –

  1.   Оңғаршиев отбасын шақырамыз.
  2. Изтелеуов Асылай отбасын шақырамыз
  3. Қарсабаев Ермек отбасын шақырамыз
  4. Жолдасбаев Жасұлан отбасын шақырамыз
  5. Менкешов Азамат отбасын шақырамыз
  6. Келманов Рустем отбасын шақырамыз

(Әр отбасы орнына  келіп  тұрады, жүргізуші таныстырады)

Жүргізуші: «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» отбасылық  сайысы – еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауық-еліміздегі отбасылардың  атсалысуымен  өтетін  тәрбиелік  маңызы  зор ойын – сауықты  бағдарламалардың  бірі.  Олай  болса сайысымызды  бастайық.

 Ал, құрметті  халайық!

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңдер.

Сайысымыздың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болайық:

  1. Балабақша директоры – Ж.И.Мусина
  2. Төлегенова Нұргүл – Ертаева Амина әжесі
  3. Бисенгалиева Бақыт Хаберқызы – ата-ана
  4. Нұрлыбеков Айбек – тхэквондо  үйірмесінің жаттықтырушысы
  5. Юрий Георгиевич Пупыкин – ПЛН №1 Сервис колледжі дене шынықтыру нұсқаушысы

Жүргізуші:

Спорттық сайыс секундомермен бағаланады.(Әр сайыскердің келуі секундомермен есептеледі) Сайыстың бағдарламасы:

  1. «Таныстыру, эмблема, ұраны»    2. «Кедергілер арасымен жүгіру»    3. «Кедергілер астынан шапшаң өту»    4. «Туннель»    5. «Жыланша»    6. «Кенгру»              7. «Шалшық су
  2. «Хоккей»
  3. «Арқан тартысу»  Ойнайық, ойнайық та ойлайық! Қатардан артта қалып қоймайық, Белсенді болайық ортада, Уақытты тектен-тек жоймайық!

Көрініс: Ал енді құрметті балабақша бүлдіршіндері және қонақтар, бүгіні сауықтыру шынықтыру шарамызда балабақшамыздың тхэквондо үйірме жаттықтырушысы – спорт шебері Нұрлыбеков Айбек.

Ересек тобы балаларымен жаттықтырудан көрініс тамашалау.

Қызықты сәт: “Көнілді клоундар”

(орыс тілі маманы: Манжекова. Б, тәрбиеші: Қаттыбаева Э.)

Жүргізуші: Сайысымыз 10 кезеңнен тұрады.

І    Кезең:  «Таныстыру, эмблема, ұраны»

ІІ    Кезең:  «Кедергілер арасымен жүгіру»

Ойын шарты:

Бірінші ойыншы бастапқы  орыннан кедергілер арасымен  межені жүгіріп айналып  келіп, екінші  ойыншыға қол беру.  Келесі ойын  осы  бағытта  жалғасын  табады.

Бірінші аяқтаған  топ  жеңіске  жетеді.

 

ІІІ  кезең: «Кедергілер астынан шапшаң өту»

Ойын шарты:

Бастапқы ойыншы допты еденге соғып белгіден айналып келеді, анасы екі аяғының арасына допты қысып белгіден айналып келіп, баласы допты домалатып межеге жетеді, қай топ  бірінші келсе, сол топ жеңіске жетеді.

 

ІV кезең: «Туннель»

Ойын шарты:

Әр топ туннельдің астымен еңбектеп өтіп, межеден айналып келу. Бірінші болып келген топ жеңіске жетеді.

V кезең: «Жыланша»

Ойын шарты:

Бірінші ойыншы кедергілер арасымен секірткімен секіріп межеден айналып келіп, екінші ойыншы ойынды жалғастырады.

VІ кезең: «Кенгуру»

Ойын шарты:  Қаппен  секіру.

VІІ кезең: «Шалшық су»

Ойын шарты:

Әр топтың ойыншысы қолына екі шалшық су үлгісін алып анасын және баласын аяғын суға малымай алып шығу керек, сол себепті әкесі берілген үлгіні екінші ойнышының аягы астына кезек -кезек сала отырып межені айналып келеді.

 

VІІІ кезең:   «Хоккей»

Ойын шарты:

Хокей таяқшасымен шайбаны итеріп жүріп межеден айналып келеді, қай топ бірінші болып келсе сол топ жеңіске жетеді.

 

ІX кезең: «Арқан тартыс»

Ойын шарты:

Берілген белгінің екі жағына екі отбасы мүшелері тұрып арқанды өздеріне қарай тартады, егер де берілген белгіден бір топ екінші топты өз жағына қарай тартып алса сол топ жеңіске жетеді.

 

X кезең: «Өрмекші»

Ойын шарты: Әкесі және анасы өрмекші секілді кедергілер арасымен өтіп, дөңгелектен өтіп, баспен айналып кері қарай өрмелеп келеді, баласы енбектеп барып, дөңгелектен өтіп, баспен айналып кері оралады.

 

Жүргізуші:

Жарыс заңы ежелден-

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты  сол-

Еңбектену, жалықпау

Біреу озар сайыста,

Біреу артта қалады

Жеңілгендер ренжімей тарасады.

 

Жүргізуші: Сайысымыздың  қорытындысын  шығаруға  кезекті  әділқазы алқасына  сөз  кезегін

балабақша директоры Ж.И. Мусинаға және де өз тілегімді білдіремін деген ата-аналарға да жылы лебіздерін білдіруге болады.

(Әділқазыларды  тыңдау)

Балабақша  директоры Жумагуль Икенқызы Мусина: «Құрметті ата-аналар және қонақтар, бүгінгі “Жас Батыр Атырау”балабақшасында болып жатқан сауықтыру-шынықтыру шарасы бойынша өтіп жатқан сайысқа келіп қатысқандарыңыз үшін үлкен рахмет айтқым келіп тұр. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Бәсекелестікке қабілетті елу елдің қатарына ену» туралы Жолдауында айтылғандай, білімді де шыныққан, шымыр денелі ұрпақ тәрбиелеу – баршамыздың міндетіміз. Сонымен қатар, бос уақытын тиімді қолдану, салауатты өмір салтын сақтап өмір сүру әрбір отбасының міндеті деп ойлаймын. Бүгін міне, өткізіліп отырған отбасылық спорттық сайысымыз «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» тақырыбы бойынша толыққанды өмір сүргіңіз келсе, спортты сүй, өнер үйрен дегендей, ұйымдастырылып отырған сайысқа келіп, қатысқандарыңыз үшін рахмет! Сонымен қатар, осы сайысқа қатысып, ұйымдастырып жүрген педагогтарымызға да алдығы уақытта шығармашылық табыстар тілегім келеді

Ата-ана Төлегенова Нұргүл -Ертаева Амина әжесі сөз алды:

– Мен, Ертаева Аминаның әжесі, осы балабақша ұжымына көп көп рахмет айтқым келеді, себебі мен өзім спорттық отбасынан тәлім-тәрбие алған әже боламын, осындай спорттық шара ұйымдастырғандарыңыз үшін алғысымызды отбасым атынан білдіргім келеді, – десе, Менкешов Азамат – ата-ана былай деп өз тілегін өлең шумақтарымен айттып өтті:

Уа,  халайық, назар  аудар  денсаулыққа!

Өмірде  бақыттысың  денің  сауда.

Денсаулық  – терең  бақыт  деген  сөзді

Құр  айтпаған  Ұлы  Абай  данамыз  да, – дей отырып осы сайысқа отбасымызбен қатысып жүлделі орын алдық, бірақ өз отбасым үшін бірінші болып келу емес , осындай балабақшаішілік немесе қала көлемдерінде болатын іс-шараларға қатысып, жаңа директорымыз айтқандай «Спортты сүй, өнер үйрен» деген сөзін отбасымыз болып ұстанамыз.

Жүлделі орындарға ие болғандар тізімі:

І-орынға – Менкешов Азамат отбасы

ІІ-орынға – Жолдасбаев Жасұлан отбасы

ІІІ-орынға – Қарсабаев Ермек отбасы

ІV- орынға – Оңғаршиев отбасын

V- орынға – Изтелеуов Асылай отбасы

VІ – орынға – Келманов Рустем отбасы

Тажиева Жанар Серікқызы

ЖШС “Жас Батыр Атырау” балабақшасының әдіскері

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*