Home » Мақалалар » Көкірек көзіміз ашылды…

Көкірек көзіміз ашылды…

Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Мықтыкөл ауылында 1964 жылдан бері 4 сыныптық бастауыш мектебі болған екен. Ауылдың 100 артық оқушылары жылдары бойы Шортанды ауданына қатынап оқып жүріпті.

–  ХХІ ғасырдың бәсекеге қабілетті жастарын тәрбиелеу үшін алыстан арбаламай, жақыннан дорбаласақ нұр үстіне нұр болушы еді деген халық арманы 2017 жылдың қыркүйегінде орындалғандай болды, – дейді шағын ғана мектептің басшысы Бекей Досан.

Биыл негізгі мектептің іргетасы Мықтыкөл ауылында қаланып, ауыл тұрғындарын үлкен қуанышқа бөлеген.

Бүгінде бұл мектепте мектепалды даярлық тобын қосқанда 96 оқушы білікті ұстаздардан білім алып жатыр. Мектеп директоры Бекей Досан өз кезегінде келесі оқу жылы мектепалды даярлық тобына 14 баланың кіретінін тілге тиек етті. Мектеп заманауи жабдықтармен жабдықталған, интернетке қосылған.

Екі жүз түтіні бар ауылдың төрінен бой көтерген осы бір негізгі мектептің көсегесі көгере берсін деп тілейік!

Көкбас Жазира

Білім айнасы

Facebook арқылы пікір жазыңыз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*