Home » Проза » Тәуелсіздік таңында Елбасыға хат

Тәуелсіздік таңында Елбасыға хат

Аса құрметті де қадірлі Елбасы! Өзіңізге күш-қуат пен мықты денсаулық тілеймін! Себебі, сіз біздің кең байтақ Қазақстанымыздың аяғынан нық тұруына гүлдене түсуіне, көркеюіне,қанатын кеңге жаюына өз күш-қуатыңызды,денсаулығыңызды,ақыл-парасатыңызды жұмсадыңыз. Мен кішкене 10 жасар 5 сыныптың оқушысы болсам да осыны білемін. Сіз жайында ,Қазақстан өлкем жайында ауылдағы кітапханадан кітапты жиі алып оқимын, оқи отырып көкейіме тоқимын.Мен кітапхананың кітапты сүйіп оқитын тұрақты оқырманымын. Әр кітапты оқыған сайын тың жаңалық білгім келеді .

Мен сіздің “100 мектеп, 100 аурухана ” бағдарламаңыз аясында салынып қолданысқа берілген,кішкене ғана ауылымның еңсесін биіктетіп тұрған зәулім де әсем екі қабатты мектепте оқимын. Міне,оқу жылы басталғалы 1-2 айдың жүзі болды, мұғалім сыныпқа кірді де: “Балалар,сендерге байқауға қатысуға үлкен мүмкіндік туып тұр,қатысқыларың келетін байқау түріне өз ықтиярларыңмен қатысыңдар,сәттілік тілеймін!”-дегенде мен шын көңіліммен қуандым. Осындай мүмкіндікті уыстан шығармау керек деген тәуекелмен хат жазуға бел будым. Хатты шалғайдағы кішкене ғана Ескене ауылы ,Жаңаарқа жерінен жолдап отырмын.

Мен көпбалалы отбасында дүниеге келдім, отбасымдағы алты ұлдың үшіншісімін, мен мұны мақтанышпен айта аламын ,бізге үнемі ата-анамыз: “Бауырмал,үнемшіл болыңдар еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдары дүкен сөрелері бос тұратын қазіргідей шаш та төк самсаған дүние жоқ, ысырап етіп, шашып төкпеңдер, не нәрсенің қадірін біліңдер!”-деп ұғындырып отырады. Осындай ата-анамыздың ақыл-кеңесінен өткен жылдар қандай қиын кезеңдер болғанын елестете алмай, күдікпен қарайтын едім.Сіздің өміріңізден сыр шертетін “Балалық шағымның аспаны”фильмін көргеннен кейін шындықты мойындап, қазіргі біздің заманымыз шынымен-ақ,уайымсыз, бейбіт өмір екеніне көз жеткізе бастағандаймын.

Тегін оқу,тегін кітап,кезексіз оқулық…

Сіздің “100 мектеп,100 аурухана “бағдарламаңыз аясында салынып қолданысқа берілген екі қабатты зәулім мектеп.Мұнда жалқауланудың өзі де ұят-ау!…

Осындай тәуелсіз,бейбіт өмір сыйлаған Елбасы сізге көп-көп рахмет!

Өскенде мен де сіз сияқты еліме адал қызмет еткім келеді,сол үшін жақсы оқуды өзіме міндет етіп,үнемі ізденіс үстінде жүремін.

Жарық дүние сыйлаған ата-анамның ақ сүтін ақтап,ол кісілерге жайлы өмір,еліме тыныш заман сыйлағым келеді, менде арман өте көп, арманым алдамайтынына бала жүрегім сенеді,ақ арман алдамайтынына сенемін!

Кішкене ғана бала жүрегім ,қобалжи отырып,сізге, тұңғыш президентімізге шағын өлең арнайды ,арнау айта отырып ,хатын аяқтайды.

Елбасым менің ардақты,

Ісі мен сөзі салмақты

Ісіңізге әркез береке беріп,

Бір Алла өзі қолдапты

Ұзақ ғұмыр, денсаулық тілегін

Нұрбек бала жалғапты

Өзіңіздей тұлға болсам деп,

Алыстан хатын жолдапты.

Сәлеммен алыстан хат жолдаған Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданының Талдыбұлақ ЖОББ мектебінің 6 сынып оқушысы Ғалымов Нұрбек Арманұлы

Жетекшісі Тоқбергенова Нұрлыгүл Қазкенқызы

Facebook арқылы пікір жазыңыз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*