Home » Жазу » Қыз – елдің көркі

Қыз – елдің көркі

“Ел боламын десең, бесігіңді түзе’’ – деп М. Әуезов айтқандай, ұрпақ тәрбиесін бесіктен бастаған ләзім. Қыз бала тәрбиесі – өте күрделі. «Ұлтыңды сақтаймын десең, қызыңды тәрбиеле» – дейді дана халқымыз. Қыз баланың алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғанын ескере отырып, олардың санасына әдептілік пен сыпайылықты жастайынан құйып, тазалық пен адамгершілік нәрімен сусындатып, білікті де білімді етіп тәрбиелеуіміз керек.

Қазіргі тәуелсіз мемлекетімізде әйел адамдардың рөлі күннен-күнге артуда. Қыздардың ежелден қалыптасқан биязы мінезі, әдептілігі, нәзіктігі мен ізеттілігі, инабаттылығы мен имандылығының өнегесі өздерін қоршаған орта мен отбасынан қалыптасатыны белгілі.

Қыз бала тәрбиесін бесік тербеткен әрбір ана, білім ордасындағы немесе тәрбие мекемесіндегі қызмет ететін әрбір қызметкер жадынан шығармай, ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып жүргізгені дұрыс деп ойлаймын. Осы ұстанымдарды негізге ала отырып, қыз тәрбиелеуде ата-аналармен тығыз байланыс орнатып, кез келген мерекелік іс-шараларда, тәрбие сағаттарында қолданған дұрыс. Байқаулар, өнер сайыстарын өткізіп, эсселер мен шығармалар жазғызу арқылы қыз баланың ой-өрісі кеңіп, әр тақырып туралы өзіндік пікірі қалыптасады, еркін сөйлеуді, ортада өзін ұстауды үйренеді, тілі шешен, ойы анық, өмірге қаблетті болып қалыптасады.

Қазанның 11 халықаралық қыздар күні деп саналады. Осыған орай біздің Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде бір апта бойы әр түрлі іс-шаралар өтті. Мектеп медбикесі А.Ж. Қайрбекова қыздармен ,,Қыздар гигиенасы,, туралы дөңгелек үстел өткізді. Психолог С.Т. Акауов тренинг өткізді, тәлімгер А.К. Ахметова ,,Ең сұлу ‘’ атты фотосайысын жүргізді.

,,Әдемі күл, сыпайы жүр, сұлу ойла’’ деген қанатты сөзді негізге ала отырып, тәрбие жұмыстарын бастауыш сынып қыздары арасында жан-жақты жүргізу барысында қыз тәрбиесінің жақсы жетістіктерін көруге болады.

 

А.К. Ахметова

Абай атындағы жалпы орта

білім беретін мектептің бастауыш мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*