Home » Жазу » Тәрбиеші болу – бақыт

Тәрбиеші болу – бақыт

«Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алдымен, баланың сезімін оятып, әсершілдігін дамыту, сезімді тәрбиелеу – баланы қоғамдық мәні бар, адамдарға жақсылық әкелетін қылық-қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз».

С.А. Назарбаева

     Әрине, тәрбиеші мамандығының бақытқа бөлейтіні рас. Бұған өз басым куәмін. Өйткені, балақайлардың ортасында жүріп, олардың бойындағы ерекше қасиеттерін танып, жан-дүниесін терең түсінгенге не жетсін! Әсіресе, балалардың бал күлкісін көргенде бақыттан басын айналып, төбең көкке бір елі жетпей қалады.

Міне, осындай шадыман шаттыққа кенелгенде, мектептің тәрбие жұмысына бар күш-жігеріңді салып, балаларға деген қамқорлығын одан әрі арта түседі. Соның нәтижесінде, тәрбиеленушілеріңнің жан-жақты болып өсуіне бірден-бір септігін тиеді. Яғни, тәлім-тәрбие мен өнерді үйретесің.

Жалпы, әр баланың мінез-құлқы әртүрлі ғой. Оларды жеке тұлға етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен өзіннің жеке басын соған сай болуы керек. Өз өнегең арқылы өзгелерге үлгі болсаң, өз мамандығыңның жемісін көре аласың. Мен жас болсам да, мұны жақсы білемін. Себебі, бұл менің

өнегелі тәрбиешілерден және білім ордаларынан жиған тәжірибемнің арқасы. Тағы да үлкендерден бір үйренгенім, тек біз тәлім беріп қана қоймай, мейірімділік, қарапайымдылық, әділдік секілді адамгершілік қасиеттерді де балалардың бойына сіңіре білу керекпіз. Сонда ғана болашақта елжанды ұрпақ тәрбиелеп шығара аламыз.

Мен осы тәрбиешілік мамандықтың арқасында түрлі тәрбиелік шараларды өткізіп жүрмін. Солар арқылы балалардың бойындағы табиғи таланттарын танып, олардың өздерін ортада емін-еркін ұстауға үйретіп, жан-жақты тәлім берудемін. Бар білгенімді жүректен-жүрекке жеткізуге тырысамын. Бала тәрбиесі, ең алдымен, аға буынның жас  жеткіншекке  деген махаббаты мен қамқорлығынан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттердің жиынтығынан туындайды. Атадан балаға ұласатын ұлттық құндылықтар үлкендердің әңгімесінен, іс-қимылынан  танылып, сезім арқылы жүректен жүрекке беріліп  отырған. Сондықтан егеменді ел жастарының санасына осы ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің маңызы зор.

Біз, баламен кездескен сәттен бастап, оның үйіне қайтатын уақытына дейінгі кезеңде баламен тікелей қарым-қатынаста болып, өз ісімізге жауапкершілікпен қараймыз. Біздің балаға берген біліміміз оның болашақта білікті, парасатты, жан-жақты жетілген тұлға болып қалыптасқанда байқалады. Сондықтан, жас жеткіншекке саналы тәрбие мен сапалы білім бергенде олардың бойындағы отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуды бірінші орынға қоюуымыз керек.

Біздер – баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, бойына тәлім-тәрбие сіңіріп, олардың ой-өрістерін дамытатын басты тұлғамыз.

Қазіргі заманда бәрі бар. Заман талабына сай өмір сүрудеміз. Тек сол заманауи жаңа технологиялар арқылы білім мен тәрбиені ұштастыра білуіміз керек. Бала жанының бағбаны болғандықтан, оларға бар білгенімізді үйретіп, балапандарды қанаттандыруымыз керек.

Мен, тәрбиеші болу оңай жұмыс деп айта алмаймын. Соған қарамастан, қиындығы мен қызығы, талабы мен жемісі қатар жүретін өз мамандығымды ерекше жақсы көремін. Өйткені, бұл менің – жүрегімнің лүпілі. Сондықтан өз мамандығымды өте жоғары бағалаймын. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, мамандығыммен мақтанамын!!!

 

Гулжайна Рзакулова

Рудный қаласы әкімдігінің «№ 19 орта мектебі» КММ

Қостанай облысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*