Home » Мақалалар » Шығар асуымыз әлі көп…

Шығар асуымыз әлі көп…

Сәлеметсіз бе? Құрметті Бұлбұл Ахмадиқызы. Биылғы жылы сіз басқарып отырған қара шаңыраққа он жыл толыпты. Осы жайлы қысқаша айтсаңыз?

-Мектебіміз 2007 жылы заман талабы бойынша үштілділік бағытта эксприменттік білім беру жүйесі негізінде ашылған болатын. Он жылдың ішінде талай-талай белестерді бағындыра алдық деп ойлаймын. 2012 жылдан бері Назарбаев Зияткерлік мектебінің іс-тәжірибесін енгізіп, математика пәніне қосымша бір сағат (факультатив) қосып ағылшын тілінде үйретуден бастасақ, қазіргі таңда геграфия, химия пәндері де ағылшын тілінде оқытылуда.

     Ұлт ұрпағына сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін мектептің жүрегіне айналған 101 ұстазымыз жұмыс жасап жатыр. Оның ішінде 30 мұғалім жоғары санатты, 22 мұғалім бірінші санатты, 23 мұғалім екінші санатты. Бұл ұстаздарымыз қазіргі заманғы оқушыларға қажет білімдерді өз бетінше меңгеріп, оларды тәжірибеде әр түрлі проблемаларды шешу үшін қолдану үстінде. Сол себепті қазір әр оқушыны белсенді танымдық үрдіске тарту арқылы оларды алған білімдерін тәжірибеде қолдануға, өздерінің интеллектуалдық дүниетанымын кеңейтуге, өз ойларын айтуға үйретіп келеді. Жаһандану заманының талабына сәйкес, физика пәні бойынша Топышева Хатира Темирханқызы, химия пәні бойынша Сапаргалиева Айгуль Бекетқызы, биология пәні бойынша Рамазанов Жанарбек Оралұлы, информатика пәні бойынша Шаймерденов Атабек Сулейманұлы өз пәндерін ағылшын тілінде сабақ беруге арнайы біліктілік арттыру курстарында білімдерін жетілдіру үстінде.

Сізге мұндай үлкен ұжымды басқару қиын емес пе? Әрі несімен қызық?

Жұмыс болған соң қиыншылығы болмай тұрмайды ғой. Бірақ облыстық, республикалық жарыстардан оқушыларымыз жетістікке жеткен кезде мен үшін бар қиындығым артта қалады. Бәрін ұмытасың. Атап айтар болсам, Истаева Аида Айдарбековна – қазақ мектеп-гимназиясының түлегі. Ол – жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде биология пәнінен I орын иегері, 2016 ж.; жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар жарыстарының қалалық, облыстық кезең жеңімпазы 2015 ж.; В.И.Вернадский атындағы XXII жалпыресейлік жасөспірімдер оқуларының жеңімпазы, І орын, биология пәні, 2015 ж., Мәскеу қ. РФ.

Тулегенов Бахтияр Боскенович – қазақ мектеп-гимназиясының түлегі. «Жарқын болашақ» VІІІ республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінде «Жас ғалымдар» бағыты бойынша ІІ орын, 2015 ж.; «InfoMatrix Asia & Pacific» компьютерлік жобалар бойынша халықаралық жарыстарының қола медаль иегері, ІІІ орын, физика пәні, 2016 ж., Алматы қ.

Сейткасымов Нурлыбай Бейбутович – қазақ мектеп-гимназиясының түлегі. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар жарыстарының қалалық, облыстық кезең жеңімпазы, 2015 ж.; «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша ХІІ халықаралық ғылыми жобалар сайысы, қола медаль жүлдегері, ІІІ орын, физика пәні,   2016 ж., Байқоныр қ.

Нургазина Мадина Болатовна – қазақ мектеп-гимназиясының түлегі. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен IІ орын иегері, 2015 ж.; Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар жарыстарының қалалық, облыстық кезең жеңімпазы, ІІ орын, 2015 ж.; Республикалық ғылыми жобалар байқауының ІІІ орын, қазақ әдебиеті, 2016 ж., Алматы қ.

Еркін Әдия Сайранқызы – қазақ мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы. ҮІІ республикалық Мағжан оқуларының қалалық, облыстық кезеңінің І орын иегері болып, республикалық кезеңінен ІІІ орынды жеңіп әкелді. 2017 ж.

Алтаев Теміржан Бауыржанұлы – қазақ мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы. «Жарқын болашақ» ІХ республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінде «Жас ғалымдар» бағыты бойынша І орын, республикалық кезеңінен ІІІ орынды жеңіп әкелді.

Биылғы оқу жылында мектебіміздің 10-жылдық мерей тойына үлкен сыйлық болды. Мектеп тарихында алғаш рет мектеп түлегі – 11 «А» сынып оқушысы Мусаева Таңсұлу Макулбековна сапалы білім, саналы тәрбие берген ұстаздардың еңбегін, аялап өсірген ата-ана үмітін ақтап, жүзден жүйрік шығып «Алтын белгі» иегері атанды. Қазіргі таңда ол Астана қаласы Сәкен Сейфулин атындағы Қазақ агро-техникалық Унивеситетінің грант иегері. Тағы бір үлкен жетістігіміз – мектебіміздің 4-сынып оқушысы Балғабай Мухаммаддин Абзалұлы Иордания елінің Амман қаласында өткен халықаралық менталды арифметика сайысында І орынды қанжығасына байлап келген еді. Міне, осындай оқушыларымыздың үлкен жетістіктері бізге күш-қуат береді.

Он жылдық тарихы бар ең жас мектептің қандай артықшылығы бар, осы туралы айта кетсеңіз?

-Бүгінгі таңда мектебімізде 1181 оқушы білім алуда. Мектебіміздің ішкі қуатына келер болсақ, үлкен 2 спорт зал, 1 бассейн, 2 шеберхана, дәрігерлік кабинет, жантанушыға арналған арнайы бөлме, 2 жаңа модификациялық лингафонды-мультимедиялық кабинет, 2 информатика кабинеті, 37500 кітап қорымен жабдықталған мектеп кітапханасы, оқу залы, әдістемелік кабинет, 240 орынға шақталған акт залы, 220 орны бар мектеп асханасы, 77 орындық шағын орталық бүгінгі таңда өз қызметтерін атқарып келеді. Мектебіміз интернетке қол жетімді, 2012 жылдан бастап арнайы электронды оқу жүйесі e-lerning-ке қосылған. Осы аталғандардың барлығы – біздің мақтанышымыз, әрі артықшылығымыз. Қаламыздағы көлемі жағынан үлкен мектептердің қатарына жатады.

Сіз өз ұжымыңыздан қандай жетістік күтесіз?

– Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, мектебіміздің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны мұғалімдердің басты міндеті – өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін жастарды тәрбиелесе, ол да үлкен жетістік дер едім.

Бәрімізге белгілі, біздің қоғам аса күрделі жағдайларды бастан кешірді. Өтпелі кезеңге тән өмірдің ауыртпалықтарын ешкім жоққа шығара алмайды. Бірақ адам қандай жағдайда да өзінің биік адамгершілік сипаттарын, кісілік қасиеттерін сақтап қалуға тиіс. Тәрбиенің осы жақтарын қазақ жастарының санасына кішкентайынан терең енгізу қажет деп білемін. Егеменді еліміздің ең басты мақсаты – өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің бірі – тіл байлығы, өз ойын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білетін, шешен де ойлы сөйлей білетін, Абайша сөйлегенде сөзі жүрекке жылы тиетін, сөз құдіретін игерген адамдарда да тұлғалық қасиет болады. Рухани адамгершілікке тәрбиелеудің басты мақсаты – оқушылардың белсенді өмірлік жолын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін қамтамасыз етіп, адамгершілік нормаларынан ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру болып табылады. Осы айтылғандардың барлығын мен басқарып отырған мектептен табуға әбден болады деп нық сеніммен айта аламын.

Болашақтан не күтер едіңіз?

Мен негізі көп нәрсе күтемін….. Жалпы, өте тату-тәтті бірлігі жарасқан ұжымбыз деп айтуға болады. «Ұжымдаса білген ұтады» деп бекер айтпаса керек дана халқымыз. Жас ұстазын жасытпай, ардагер ұстазын қайраттандыра түсетін шығармашыл ұстаздардан құралған біздің ұжым дәйім осылай сабақтаса жұмыс атқарсақ, мен ойлаймын, шығар асуымыз әлі көп…..

Он жылға толған жас ұжымды басқаруда сізге күш-қуат, ұжымыңызға шығармашылық табыс тілеймін. Жақсы әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Көкбас Жазира,

Білім айнасы

Петропавл  қаласы

Facebook арқылы пікір жазыңыз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*