Home » Мақалалар » Зияткерлік мектептерге Израильдік стартап технологиялар енгізіледі

Зияткерлік мектептерге Израильдік стартап технологиялар енгізіледі

Стартап индустрияны қалыптастыруға және инновациялар экожүйесіне арналған «Моментум» халықаралық жобасы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде қазан айынан бастап жұмыс жасайтын болады. Мұндай келісім Астанада Зияткерлік мектептер басшылығының Израильдік стартап саласындағы белгілі сарапшысы Елена Донецпен кездесуі барысында белгілі болды.

«Бастапқы кәсіпкерлік машықтар жөніндегі оқыту курсы арнайы қазақстандық оқушыларға бейімделіп әзірленген, іскерлік ойлануға және бизнес инструменттерін иеленуге бағытталған. Курс аяқталғаннан кейін балалар венчурлік қор мен акселератор, қазіргі стартап үлгісі мен инновациялар экосистемасы қалай жұмыс жасайтынынан хабардар болады деп жоспарлануда. Ең бастысы олар өздерінің бизнес-жоспарларын жасауға және ілгерілетуге үйренеді», – деп түйіндеді Елена Донец.

– Зияткерлік мектептердің оқушылары инновациялық бизнес-курсқа жоғары деңгейде дайын. Жоғары сынып мектебінің оқу жоспарына «Экономика», «Жаһандық келешектер мен жобалық жұмыс», «Қазіргі замандағы Қазақстан» сынды пәндер, сондай-ақ элективті курс ретінде дизайн-ойлау енгізілген. Біз бүгінде әлемдік стандарт болып табылатын израильдік технологиялар бойынша инновациялар экожүйесін қалыптастыруға мүдделіміз», – деп атап өтті «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымының орынбасары Светлана Испусинова.

Астанада израильдік әдісті оқу курсынан Зияткерлік мектептер мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары өтіп, уақыт өте келе өздері тренер болады. «Моментумның» ерекшелігі – оқушылар жобаны іске асыру барысында жайлы ортадан шығып тек кәсіпкерлік базаны ғана емес, сонымен қатар табысқа жету жолында қажетті өмірлік құндылықтарды да жетілдіретін болады.

«Израильде дәстүрлі экономика мен кәсіпкерлікті балалар мектеп қабырғасынан бастап үйренеді, тиісінше сәтті жобаларды игеруге бағытталған іскерлік-ойлау жүйесі мен үлкен мақсаттар қалыптасады», – дейді Елена Донец. Тель-Авив университетіндегі Кәсіпкерлік орталығының қызмет етуі Еленаның қазіргі таңдағы ең табысты жобасы.

«Моментум» жобасы Астанада белігілі бизнесмен Александр Машкевич пен елорда әкімдігінің қолдауымен жүзеге асады.

Қазақстанда бұған дейін білім саласындағы халықаралық кәсіпкерлік бағдарлар, атап айтқанда Тель-Авив университеті мен ERG (Евразиялық топ) «Студенттік кәсіпкерлік экосистемасы» ассоциациасының бірлескен жобасы іске асқан болатын.

 

 

 

 

Facebook арқылы пікір жазыңыз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*