Home » Мақалалар » Ұстаздар әлеміне саяхат

Ұстаздар әлеміне саяхат

Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің студенттері «Өрлеу» БАҰО АҚ Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының бес жылдығына орай сондағы облыстық Білім мұражайына бардық.

Білім мұражайы төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде Павлодар облысы білім беру жүйесінің даму тарихы жайлы айтылады. Екінші «Олар Отанын қорғады» бөлімінде Кеңес Одағының батырлары М.Қайырбаев, Қ.Камзин, С.Мүткенов, Қ.Сұрағановтардың өмірбаяны, соғыс ардагерлері, тыл еңбектеріндегі педагогтар жайлы сыр шертілсе, үшінші бөлімінде жанкешті еңбектері ел үмітімен бағаланған ұстаздар туралы құнды деректер, суреттер көрсетілді. Ал төртінші бөлімінде педагог кадрлардың білім арттыру институттының тарихы баяндалды. Әрбір бөлім тарихи үлкен мағлұматтарға толы. Ұлы Отан соғысына қатысқан ұстаздар, елімізге ерен еңбегі сіңген педагогтар жайлы көптеген тарихи деректер алдық. Әсіресе «Өрлеу» БАҰО АҚ Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының бес жылдығына орай өткізілген саяхат бізді таң қалдырды. Осы 5 жыл ішінде атқарылған іс-шаралар мен жаңашыл курстардың ерекшелігіне мұражай бөлімінің бастығы Алия Рахметжанқызы тоқталып кетті.

Заман ағымына сәйкес білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне оқытудың жаңа технологиясын енгізуді шебер меңгерген ұстаздармен саяхат барысында таныстық. Сонымен бірге ұстаздың оқыту процесін жоғары деңгейде ұйымдастырып, шеберлікпен тиімді пайдалана білсе, пәндерді оқыту барысында алдына қойған мақсатына жететініне, нәтижесі де жоғары болатынына көз жеткіздік.

«Адамды бір нәрсені қайталауға үйреткеннен гөрі, оған жаңалық ашуға көмектескен жөн» деп Г. Галилей айтқанындай жаңашыл мұғалімдердің үздік педагогикалық тәжірибелерін, кәсіби-педагогикалық ізденістерін, білім берудегі өзгерістер мол жаңалықтарды енгізуді іске асырудағы, педагогтердің біліктілігін арттыруға «Өрлеу» БАҰО АҚ Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жұмыстарының нәтижесін көріп өзімізге мол мағлұматтар алдық.

Саяхат кезінде біздің назарымызға ұсынылған ақпараттар мен деректер еліміздің рухани жаңғыруына үлкен әсерін тигізері анық. Бұл мұражайға баруымыз біздің болашақ ұстаз ретінде дамуымызға үлкен септігін тигізді деп толық айта отырып, жүрегімнен шыққын бір шумақ өлеңді арнаймын:

Павлодар білім беру мұражайы,

Көңілді көркейтеді түр-ажары.

Педагогтер туралы сыр шертеді,

Жас ұрпаққа айтылып ұстаз жайы.

 

Ұстаз жайлы айтылар дүние көп,

Мол мағлұмат біздерге көшті міне.

Төрт бөлімнен тұрады бұл мұражай,

Тарихтың ілесіп ап көшкініне.

 

Тарихтың терең білдік сырларын,

Ұстаз жайлы сан сырды тыңдадым.

«Өрлеу» боп биікке өрлей бер,

Жасай берсін мәңгілік сұрарым.

Алда келе жатқан мұғалімдердің төл мерекесімен институт және педагогикалық колледж ұжымдарын құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілеймін!

Лувсан Гүлзат

Б. Ахметов атындағы Павлодар

педагогикалық колледжінің студенті

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*