Home » Жаңалықтар » Ақмола облысы ауданында жаңа спорттық алаң ашылды

Ақмола облысы ауданында жаңа спорттық алаң ашылды

Ақмола облысының ауданында спорттық алаңның және көпфункционалды корттың ашылуы болды

Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Ақмола ауылында Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Street Workout» балалар мен спорттық алаңының және көпфункционалды корттың ашылуы өтті, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Бұл спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында көшедегі спортқа қызығушылықтың артуына байланысты маңызды оқиға. Енді біздің балаларымыз бос уақытында физикалық қабілеттерін жақсарта алады, бұл спорттық таланттарды және спортшылардың жаңа атауын табуға мүмкіндік береді», – деді облыс әкімі Мәлік Мырзалин өзінің құттықтау сөзінде.

Көптеген көрермендер алдында жас спортшы, облыстың мақтанышы, қазақстандық КИнЭС рекордтар кітабының бес дүркін рекордшысы Әмір Махмет өнер көрсетті.

Әмір өзінің алғашқы рекордын жазғы Street Workout маусымының ашылуында 2015 жылдың 1 маусымында «Балаларды қорғау күні» орнатқан. Онда Әмір 450 рет жерден денені көтеру жаттығуын жасаған. Екінші рекордын Ақмола облысындағы Street Workout чемпионатында 30 секундта 50 жаттығу жасап орнатады. Ал үшінші рекордын Қазақ хандығының 550-жылдығына арнап 550 рет жасаған жаттығулары болды. Төртінші, әлемдік рекордын Әмір 60 минут денені бірқалыпта ұстаудан орнатып, боксшылар арасындағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің Доминик Уэйдпен жекпе-жегіне арнады. Бесінші рекорды – Бурабайдағы Бөлек-таудың шыңында. Бұл жолы Әмір «Рио-2016» ойындарындағы Қазақстанның олимпиада құрамасын қолдау үшін бір демде 1000 рет денені жерден көтеру жаттығуын жасаған. Әмірдің алтыншы рекорды «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің аумағында шөлмектерде жасаған 53 жаттығуы болды.

Жаңа спорт алаңының ашылуымен жаттығуға, ойындар мен жарыстарға қолайлы жағдай жасалған.

Бұл алаңның құрылысы «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының демеушілігімен, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының арқасында мүмкін болды.

Бұл ретте, Ақмола облысында көше тренажерлері мен заманауи спорт алаңдарының құрылысы белсенді жүргізілуде. Алдағы екі жылда өңірде тағы осындай 23 алаң пайда болады.

 

 

Facebook арқылы пікір жазыңыз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*