PYP семинары

Жаңа оқу жылының қарсаңында Астана қаласындағы Халықаралық мектеп тағы бір мәрте мұғалімдерінің оқытушылық әлеуетін арттыруға бағытталған шара ұйымдастырды. Мектеп ұжымы халықаралық бакалавриат сарапшысы, (DP) дипломдық және (PYP) бастауыш сыныптар мен мектепке дейінгі білім беру бағдарламалары бойынша сабақ беретін мұғалімдерді кәсіби дамытудың тренері, халықаралық авторизациялаушы және емтихан комиссияларының мүшесі, ресейлік Пермь қаласының тұрғыны Михаил Новосёловты екі күндік семинар өткізуге шақырды.
Семинардың әрбір сессиясы оқу бағдарламасын зерделеу, идея алмасу, балалардың мінез-құлқын талқылау, білім алуға қауіпсіз ойын аймағын жасақтау, мектепке дейінгі кезеңде тиімді білім беру, тәрбиеленушілердің оқу үлгерімін бағалауға арналған бағдарламалық тәсілдерді пайдалану тәжірибесі сынды тақырыптар төңірегінде өрбіді.
Бір-бірімен араласып, топтық жұмысқа белсенді қатыссын деп, тренер төрт балабақша мұғалімнен құралған бірнеше топ жасақтады. Мұғалімдер әріптестерінің алдында сабақты анағұрлым қызық, баланың қызығушылықтарын ескеретіндей әрі мәнді ету үшін қолдануға болатын өздерінің идеяларын паш етті. Ұстаздар білімгерлердің үлгерімін жақсартып, олардың көңілдерінен шығу үшін ойын элементтерімен қоса бала оқытуға қажет сан түрлі амал-тәсілдерді біріктіріп көрсетті.
Семинар кезінде балабақша мұғалімдері PYP бағдарламасының саясаты, жөн-жосықтары мен түйінін қамтып, жаңа оқу жылының алдында біраз шабыт жинап алды.
Оқу бөлмесінде білім беру және ойын ойнату аймақтарын ойластыру жайлы қызу әңгіме үстінде Светлана Новаковская мұғалім бүлдіршіннің кітаптарға деген ынтасы кітап сөрелерінің қайда орналасқанына байланысты емес, жақсы мұғалімге байланысты деп атап өтті. Оның айтуынша, педагогикалық шеберлігінің арқасында өз пәніне және кітап оқуға деген қызығушылықты ояту – жақсы ұстаздың негізгі міндеті.
Балабақшаның тағы бір маманы Санимкуль Айсина топтардың семинар барасындағы презентациялары туралы: Біз осы екі күн бойы барымызды салып жатырмыз. Мәселен, бүгін балаларды жас ерекшеліктеріне қарай отырып ойын арқылы оқыту үшін ыңғайлы орта қалыптастыру жайлы өз тұжырымдарымызды ортаға салудамыз, – деді.
Тоқ етерін айтқанда, Новосёлов жаттықтырушының көмегімен семинарға қатысушылар шығармашылық алаңында көп білімге қаныға алды, ал іс-шара болса мұғалімдердің мүмкіндіктер аясын кеңейтіп, дамуы мен өсуінің мықты тетігіне айналды.

Facebook арқылы пікір жазыңыз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*