Home » Мақалалар » Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы педагогтің кәсіби дамуы

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы педагогтің кәсіби дамуы

Еліміздің болашағы көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы проблема – әлеуметтік-педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау. Олай болатыны, қоғамның әлеуметтік-экономикалық міндеттері заманына сай өзгерістерге ұшырап, өскелең ұрпақты соған лайықтап өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады. Бұл жерде ұстанымдар кәсіби педагог кадрларын даярлау жүйесіндегі көзқарастардан айкыңдалары даусыз.

Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту, оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмысы қалыптасқан, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді. Заман көшіне ілесе отырып, жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу – барша ұстаз алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы – білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі тұлғаның түйінді құзыреттіліктері болып отыр. Білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез-келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру – жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек.
Мектептің білім беру жүйесінде жас ұрпақты жан-жақты дамыту мен тәрбиелеуде, олардың жалпы мәдениетін қалыптастыруда, тұлғаны шығармашылыққа тәрбиелеуде, өзінің табиғат пен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуге білім беру мәселесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар қойылуда. Сондықтан пән мұғалімдерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – табысты және әрекетке дайын, қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру.
Қазіргі оқыту жүйесінің өзіндік ерекшеліктері білім берудің мазмұндық негізін анықтауда баланы оқу материалдарын дайын күйінде алуға емес, өз бетімен ізденуге, өзіне қажетті білімді іздестіруге үйрету болып отыр. Сабақ үрдісінде тұлға құзіреттілігін дамыту – ұстаздың құзіретті тәсілдерді меңгертуі, білім беру мазмұнын жетілдіруі, сапасын арттыруы нәтижелі білім беруге бағыттайды.
Пәндерді оқытуда педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану пәнді интеллектуалдық және шығармашылық тұрғыда түсініп, меңгеруде оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыра отырып, өз бетінше ойлауға, ізденуге, нәтижеге жетуге дағдыландырады. Сондықтан әр сабақты жоспарлауда мұғалім бағыттаушы, ал оқушы білімді өз бетінше іздеуші рөлін атқарса, білім теорияға негізделмей, практикалық бағытта жүрсе, құзыреттіліктерінің кеңейуіне зор ықпал ететіні белгілі.
Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Мұғалімнің құзіреттілігі – оның шығармашылық жұмысынан көрінеді. Оқушының білім алудағы жоғары белсенділігін қалыптастыру үшін оқытудың әдістері мен тәсілдерін дұрыс қолдану – оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың ең басты құралы болып табылады. Пән мұғалімінің шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өтуі – бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы өмір айдынындағы өз жолын адаспай табатын азамат болып қалыптасады. Болашақтың бәсекесіне қабілетті XXI ғасыр шәкіртін тәрбиелеу білім беру саласының еш назарынан тыс қалған емес. Соған сай ұстаз – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбеккер, ортаның ұйтқысы, жан-жақты, шебер, гуманист, өз елінің белсенді патриоты болғанда ғана жоғарғы мәдениетті, жан-жақты дамыған, шығармашылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелейтініміз айқын болмақ. Білім беру мазмұнын жаңарту білім берудің қазіргі заманғы үрдістерін және қазақстандық білім берудің үздік практикасын кіріктіруге бағытталған.
Қазіргі пән мұғалімдерінің негізгі міндеті – білім беруді нәтижеге бағыттау, яғни инновациялық жаңа технологияны меңгеру екені баршамызға мәлім. Оқу үдерісіне қоғамның жаңа қажеттіліктеріне сəйкес инновациялық тəсілдерді енгізу оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісін талап етеді. Себебі мемлекеттік білім стандартына сəйкес оқу үдерісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды, білім алушылардың білімін қадағалаудың инновациялық бақылау-өлшеу құралдарын енгізуді жүктейді. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы – оқытуды ізгілендіру, өзін-өзі дамытып, тəрбиелей білетін, заман ағымына ілесе алатын білікті, жан-жақты жеке тұлға қалыптастыруды мақсат етеді. Осыған орай, кез-келген оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тəрбиелеуді жүзеге асыратын заманауи инновациялық технологияны меңгертуге ұмтылу керек. Қазіргі білім берудің міндеті – әлемнің жаңа бейнесін қалыптастыру, адамның шығармашылық бастауын дамыту арқылы тұлғаның ішкі жан-дүниесін кеңейту. Қазіргі өмір өзгерістерді талап етсе, жастар сол өзгерістердің негізгі бастауы болып табылады. Егер біздің жастарымыз сауатты, білімді, мәдениетті болса, онда біздің қоғамымыздың да болашағы жарқын болары сөзсіз.

Саттибаева Рая Мажитовна

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы
Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*