Home » Поэзия » Домбыра

Домбыра

Алашымның қазақ исін шығарады домбыра,

Келмесе егер, домбыра үні, сен құлағын сәл бұра.

Қос  ішегімен түрлі әуен шығаратын үні бар,

Бұл қазақтың қасиетті домбырасы танып ал.

 

Сахнада түрлі-түрлі саз әуендер айтылар,

Әр әуенге үн қосатын өз аспабы табылар.

Ал қазағым шықса егер сахнаның төріне,

Термесі мен жырын айтар домбырасын сағынар.

 

Домбыраның қасиеті пернесі мен ішегінде,

Шерте білген домбыраны, нағыз қазақ дерімін бе?

Шырқай білген бұрмаламай әуендерін нақтылап,

Сол адамның орны ғой, сахнаның төрінде.

Калығыз Таженқызы

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,

Теңге ауылы ОШҮ-нің жанынан ашылған

«Жұлдыз» аула клубының педагог-ұйымдастырушысы 

Facebook арқылы пікір жазыңыз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*