Home » Поэзия (page 2)

Поэзия

Қазақстан – Тәуелсіз ел

Шапқанда шабытымның ақ боз аты, Төгілер жүрегімнен сөздің заты. Ұялтса сезіміңді ақын хаты, Деп санарсың тарихтың ақиқаты   Қанша ғасыр, қанша жыл, Ата-бабам арман етіп аңсаған. Ерлік ісі қайың найза ақ білек, Бостандыққа қанды майдан жол салған.   Шың тарихтың бетін бүгін ашқанда, Мейіт болды қанша батыр майданда. “Жерім” деген, “елім” деген ерлерім. Қазағым деп кетті-ау шіркін арманда.   Ерлер ісі ...

Толығырақ »

Ананы аңсау

Өзге біреу еркелетсе баласын, Мен өзіңді аңсап тұрам, анашым, Жүрегіме жылу құйып тұратын Сағындым ғой көздеріңнің қарасын.   Сабағымнан сәл кешіксем алаңдап, Күтіп ылғи тұрушы едің жолымды. Жалын ұрып құшағыңнан тұрушы ед, Кимесең де киіз-пима, тоныңды.   Балама деп маңдай тер ед төккенің, Бақтым, қақтым, өсірдім деп сөкпедің, Мына өмірден қандай рахат көрдім деп Ешкімге де айтпапсың-ау, өкпе-мұң.   Кешір ...

Толығырақ »

Абай – дана

Жүрегінен орын алған талайдың, Жыры – жақұт, сөзі – үлгі Абайдың. Айтқан ойы жатқан үлкен дәрия, Мен Абайды биік шыңға балаймын.   Барлық қазақ жырыңызды жаттаған, Көкейіне мәңгі құйып сақтаған. Абай ата, сіз қазақтан шықты деп, Көкірегімді керіп қойып мақтанам.   Өміріме мен өзіңді үлгі етем, Алдыңызда бас иемін құрметпен. Көңілдерге жол тауып жүр ойыңыз, Шыққаннан соң аппақ, таза жүректен. ...

Толығырақ »

Мезгіл аусар

Көктем мен қыс кездесіп амандасты, Аз кідірді, сөйлесіп жөн сұрасты. Асығып, неге ерте келдің сен? -деп, Қаһарланып қыс болса сөзге басты.   Дәл менің аппақ таңым бүгін атты, Содан соң елге қарай бұрдым атты. Ашуға ерік бермей, қамдансаңшы, Күтумен қалың елім күн санапты!   Көп күтпей-ақ, боран келіп борады, Айналаны ақ мамыққа орады. Асыққан жел аязбен жетектесіп, Қолын бұлғап, қош ...

Толығырақ »

Біз осы Шаһкәрімді білеміз бе?

Білгіміз келе берер білген сайын, Білеміз бе, Шәкеңнің аты – жайын? Әр атында өзіндік мағына бар, Рұқсат болса, білгенімше тарқатайын:  Зерделеп түйгенімді айтайын дөп, Ғұлама, кемеңгерді таниды көп. Абайға іні, Құнанбай немересін, Азан шақыра қойыпты «Шаһкəрім» деп.   Жетімдікті көрсетпей ата – əжесі, Өсірді оны ақылды ерке етіп. Абайдан тəлім алған ойшыл жасты, «Шəкəрім» деп атапты еркелетіп.   Ұзақ жылдар ...

Толығырақ »

Жан қалауым

Ақын емен, көрмекшімін сөз түзіп, Өз жанымның қалауына көз сүзіп. «Білім – теңіз, мектеп – кеме», білесіз?! Сол кемемен мен де келем бір жүзіп. Жан қалауым, бар қалауым – ұстаздық. Ізгілік пен парасатты ұстамдық. «Білім» атты шыңға шығып шәкіртпен, Мәңгілікке әнге айналған құштарлық. Ұстаздықты таңдап едім, жан қалап, Жұмсамаққа күш пен қуат, зор талап. Әкем салған сара жолдан тайқымай, Ұлағаттың ...

Толығырақ »

Ұстазыма

(56 жыл ұстаздық еткен әкем Серіков Дәрібайға арнаймын) Өшпейтін есім – жанымның қалауы, Қалдырған сөзі – ақыл-ой жалауы. Өлеңмен өрген шағын сыйыммен, Жалындап, лаула, ұстаз алауы!   Ел қамы үшін білім іздейді, «Шәкірт жолына салам із», – дейді. Болашағына сенімді ұстаз: Толқыннан қорықпа, қарсы жүз!» – дейді.   Жеткенше шәкірт биік шыңдарға, Түседі ол да талай сындарға. Кетпесін ұстаз есіңнен ...

Толығырақ »

Тағылым алу – бір бақыт

  Шынары Шыңғыстаудың талайды озған, Арам келген байлыққа көңілі тозған. Әркімге ғибрат болар дүние ғып, «Ақылшы торғай» деген өлең жазған.   «Байлық көзі – еңбекте» – басты мұрат, Ойшылым жыр жазыпты бізді сынап. Бір адам балаларға үш тиынға, Торғайды сатпақ болып тұзақ құрад.   Торғай да тұзағында бос жатпапты, Адамға ойландырар сөз саптапты. Есепсіз бай болуға ұмтылған жан, Баюға мұнан ...

Толығырақ »

Алтын құрсақты ана

1.Үш әріптен құралған ана сөзі Даналықтықтың болары анық бұлақ көзі, Сол бұлақтан нәр алған әрбір пенде, Нұр шашырап тұрады жүздерінде. 2.Анам менің анашым,жан анашым, Бұл өмірге келіп кеткен бір дарасың. Іңгәләп жарып шыққан он бір біріміз, Алтын құрсақ бір өзіңсің,сен дара шың 3.Отырып әр кезіңде-ақыл айтып, Таң болсын,кеште болсын,мейлі кеш тым. Сөздерің ескерткіш боп мен үшін, Жүрегіме жақын тарттым,сақтадым. 4.Қош ...

Толығырақ »

  50 жасқа толған Салтанат Бақтыбайқызына  арнау

  Бізге қымбат,бірге өткізген әрбір күн, Жанымызға сыйламасын тағдыр мұң. Бүгін сенің туған күнің келгенде Қандай тілек айтсам екен,жан құрбым! Қандай тілек айтсам екен,ағылып, Жүрген жансың жұмыс десе жанығып, Әже атанып, немере сүй тағы да Үзілмесін кеудеңдегі ақ үміт. Ұжымыңа сыйың бөлек,Салтанат Шаттығыңа куә болып,шартарап. Өмір берген ауыртпалық сынақты Сен мойымай келе жатсың арқалап. Өмір саған берсін үлде бүлдесін, Қуанышқа ...

Толығырақ »