Home » Назарбаев Зияткерлік мектептері (Назарбаев Интеллектуальные школы)

Назарбаев Зияткерлік мектептері (Назарбаев Интеллектуальные школы)

Семейдегі бәсі биік білім ордасы

  Өмірде өз орнын тауып, кірпіш болып қаланған кез келген адамға  білім алған ордасы әрқашан ыстық көрінеді. Мен үшін ол – ғасырдан астам тарихы бар Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасына қарасты М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі. Семей қаласында орналасқан бұл колледжде еліміздің ғана емес, жалпы Орталық Азия аймағы бойынша тұңғыш мұғалімдер білім алған. Республика бойынша ұрпаққа сапалы біліммен қатар саналы тәрбиені, рухани құндылықтарды ...

Толығырақ »

Ұлттық рекордты жаңартқан жарыс өтті

  Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «Қазақстан спидкубинг федерациясы» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып Рубик текшесін құрастырудан кезекті біріншілік ұйымдастырды. “KSF Semey City 2018” атауына ие болған біріншілікке республикамыздың бірнеше қаласынан келген 60 – қа тарта ойы жүйрік зияткерлер қатысты. “KSF Semey City 2018”  – “KSF City” біріншілігі сериясына енетін ауқымды жарыстың бірі. Бекітілген талап бойынша біріншілік Қазақстанның барлық ...

Толығырақ »

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНЕ БЕС ЖЫЛ

Биыл Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ашылғанына бес жыл толып отыр. Осыған орай оқу орнында салтанатты жиын өтті. Шараға «НұрОтан» партиясы облыстық филиалы, білім беру басқармасының өкілдері, пилоттық мектеп директорлары мен ата-аналар жиналды. Мұнайлы өңірде осыдан бес жыл бұрын ашылған Елбасы мектебін бүгінде 535 мектеп түлегі тәмамдаған. Олар қазір еліміздің және әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында білім алуда. ...

Толығырақ »

Динар – Балалар Евровидениесі ұлттық іріктеуінің финалисі

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 –ші сынып оқушысы Динар Нәдірбекова ел тарихында алғаш рет өткізілгелі отырған «Junior Eurovision Song Contest» халықаралық байқауы  Республикалық іріктеуінің финалына шықты.  «Хабар» агенттігі ұйымдастырған іріктеуге  жалпы саны 200 –ге жуық үміткер өтініш білдірген. Алайда негізгі талаптарды ескере отырып, 134 өнерпаздың ғана өтініштері қабылданған. Жуырда ұйымдастырушылар іріктеудің ақтық сынына жолдама алған финалистердің есімдерін ...

Толығырақ »

Ұлтжандылықты ұлықтаған қоңырау өтті

 Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі биыл өз есігін 9 -шы мәрте айқара ашып, білім нәрімен сусындауға құмар талантты оқушыларды тәрбиелемек. Өтпелі кезеңде талай талантты шәкірттерін үлкен өмірге қанаттандырған білім ошағы биыл өз қатарын жаңа буынмен толықтырды. 1 қыркүйек білім күні аясында мектебімізде «Болашақ – білімде» атауымен салтанатты лездеме өткізіп, 7 сыныпқа қабылданған шәкірттерге ерекше құрмет көрсетті. Лездемеде мектеп ...

Толығырақ »

100 бала зияткерлік мектепке қабылданды

Қыркүйектің 1-і күні Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Білім күніне арналған дәстүрлі салтанатты шарада Маңғыстау облысының 100 баласы зияткерлік мектепке қабылданды. Білім ордасы жаңа оқу жылын 650 оқушымен бастады. Салтанатты жиын «Өркен» білім грантын жеңіп алып, зияткерлік мектепте білім алу мүмкіндігіне ие болған  7-сынып оқушыларының шеруінен бастау алды. Айта кетейік, өткен оқу жылындағы конкурстық іріктеуге Маңғыстау өлкесінен білім гранты үшін ...

Толығырақ »

Lesson Study-ді жаратылыстану пәндерінде бірлесіп қолданудың артықшылығы

Қазіргі заманда Lesson study әлемге танымал педагогикалық тәсілдердің бірі. XX-шы ғасырда Жапониядағы мұғалімдер Lesson study-ды көп уақыт тәжірибеде қолданған. Ал 1999 жылдан бастап Жапониядан «Оқудағы олқылықтар» (Teaching gap) кітабы жарыққа шыққан соң бұл тәсіл туралы бүкіл әлемнің басқа мемлекеттеріндегі мұғалімдер де танысып, сабақтарында қолданыла бастады. Lesson Study мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтеруде, білімін жетілдіруде, тәжірибе алмасуда өте тиімді зерттеу сабағы болып ...

Толығырақ »

(Lesson Study) Қазақстан жобасы

2012  жылдан бастап еліміздің бір қатар ұстаздарының біліктілігін арттыру курстарында  сабақты зерттеу  (Lesson Study)  педогогикалық тәсілі  белсенді оқытылып келгенін. Бүгінгі күні Қазақстандағы Сабақ  (Lesson Study) Қазақстан жобасы жалпы орта білім беру саласында жан жақты жүзеге асырылып жатқанын ұстаздар баса айтты.

Толығырақ »

Ақтаулық мұғалімдер Италияда тәжірибе алмасады

            Бұл мамырдың 12-сі күні Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Педагог тәжірибесіндегі зерттеушілік әрекет: сұрақтар мен шешу жолдары» тақырыбында өткен облыстық конференцияда белгілі болды. Іс-әрекетті зерттеу (Action Research) және  сабақты зерттеу (Lesson Study) шеңберінде екінші рет ұйымдастырылған конференцияға 100-ден аса мұғалім қатысып, іс-тәжірибе алмасты. Конференцияның басты мақсаты – мұғалімдердің сабақты зерттеуіне қатысты пікір алмасу алаңын құру, өз тәжірибесінде зерттеу жүргізіп ...

Толығырақ »

Түлектер көшет отырғызды

Қалыптасқан жылдағы дәстүр бойынша «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерваты «Саябақтар шеруі» акциясын биыл да ұйымдастырды. Желісін үзбеген игілікті іске Семей қаласындағы физика –математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебін бітіруші 12 сынып оқушылары белсене қатысып, мектеп ауласында түрлі ағаш көшеттерін отырғызды. Жалпы аталған акцияның негізгі мақсаты – өскелең ұрпаққа жасыл желекті орманымызды сақтап, қоршаған ортаның таза болуына атсалысуға шақыру. Зияткерлік мектепке ...

Толығырақ »