Home » Сол мектептен шыққанбыз

Сол мектептен шыққанбыз

Мәртебеге лайық

Осыдан 62 жыл бұрын 150 студентті 1-ші желтоқсан айында алғашқы қоңырау үнімен қабылдаған бір қабатты Павлодар педагогикалық институты – бүгінгі күні мәртебесі мен дәрежесі артқан Павлодар қаласының іргелі оқу-ағарту орнының бірі. Өткен жылы ғана өзінің 55 жылдығын тойлап мерейін бір көтерген институт, биылғы Жаңа жылдан бастап ҚР Үкіметінің Қаулысымен Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты университет мәртебесіне ие болып, алдағы уақыттарға өздеріне ...

Толығырақ »

Мектебіме тағзым

15 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қабанбай ауылында “Б. Майлин атындағы орта мектебінде” елбасы Н.Ə. Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасында баса айтылған “Туған жер” бағдарламасын қолдап, елжанды, елін сүйген азамат ретінде “Туған мектебім” акциясы аясында үлкен форум өтті. Қайырымдылық – халқымыздың ең ірі қасиеттерінің бірі, балалардың қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ...

Толығырақ »

Мектеп – білім бұлағы

Тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдық мерейтойы қарсаңында СҚО, Қызылжар ауданы, «Бәйтерек» ауылында жас ұрпақты тәрбиелейтін білім ошағы «Бәйтерек» орта мектебі бой көтерді. Құрметті Сяудат Ермашқызы, мектептің ашылуы туралы айтсаңыз? Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, елдің болашағының көркейіп, гүлденіп, одан әрі дамып, өркендеуі білімді ұрпақтың қолында. Яғни, біздің бүгінгі бүлдіршіндер мен жас ұрпақтар қолында. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында Бәйтерек ауылында жаңа талапқа сай ...

Толығырақ »

Сан түлекті самғатқан алтын ұя

Ақтау қаласында ашылған ең алғашқы қазақ мектебі – №11 мамандандырылған физика-математикалық мектебіне биыл 40 жыл болды. Осы жылдар ішінде мектеп облысымыздың білім беру саласының дамуына зор үлесін қосып, мыңдаған шәкіртті ұлттық рухта тәрбиелеп, сапалы біліммен сусындатып, түлетіп ұшырды. 4 қараша күні білім ордасының 40 жылдығына арналған «Сан түлекті самғатқан алтын ұя» атты мерекелік кеш болып өтті. Мерекелік кешке осы мектептің ...

Толығырақ »

Білімдіге биіктен орын

Білім мен тәрбиені қатар ұштастырып, қанатының астынан талай дарынды түлек ұшырған, өмірдің кең сахнасына жас бүлдіршіндерді ерекше баптап баулыған, облыстағы алдыңғы қатарлы білім ошақтарының бірі – ОҚО, Мақтарал ауданындағы Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназия. Б. Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназия облыс қана емес, бүкіл республикаға танымал білім ордасы. Танымал болуының да өзіндік себебі бар. Мектеп-гимназия соңғы 5 жылда 171 «Алтын белгі» мен ...

Толығырақ »

60 жылдық тарихы бар алтын ұя

Алматы қаласында орналасқан Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта-мектеп интернатына – 60 жыл. Осы уақыт аралығында 55 мың түлек ұшырған бұл қасиетті қара шаңырақ сан мыңдаған мамандарды тәрбиелеп шығарды. Алматы қаласында білім ордасының 1957 мен 2017 жыл аралығындағы түлектері, ардагер ұстаздары, ата-аналар бас қосқан үлкен мерекелік концерт өтті. Бұл мектептің өткеніне көз ...

Толығырақ »

Мектеп – кеме, білім – теңіз

Білім жолы қашанда қиын да киелі жол. Бұл жолда тынымсыз еңбек, толассыз ізденістен жалықпайтын жандар ғана нәтижелі табыстарға жете алады. Осы орайда біздің мектебімізде дәл осындай қабілет пен қасиеттерді бойына сіңіре білген ұстаздар жетерлік. 2016-2017 оқу жылы мектеп ұжымы үшін үлкен жетістіктер мен жеңістерге толы жыл болды. Себебі, мектебіміздің білікті ұстаздары — көптеген байқаулар мен сайыстарға, олимпиадалар мен ғылыми жобаларға ...

Толығырақ »

Алтын ұя мектебіме 50 жыл!

1-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі қонақтар! Құрметті ұстаздар! «Елу жылда – ел жаңа». 50 жылда іргесі бекіп, керегесі кеңейген, бірлігі жарасып, ырысы тасыған бүгінгі мектебіміздің 50 жылдық мерейтойына қош келдіңіздер! Өмір бойы мектебімді жыр етем, Бір өзіңде бақыт, білім – берекем. Шәкірттерің өрістесін, өрлесін, Құтты болсын 50 жылдық бұл мерекең!

Толығырақ »

Көкірек көзіміз ашылды…

Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Мықтыкөл ауылында 1964 жылдан бері 4 сыныптық бастауыш мектебі болған екен. Ауылдың 100 артық оқушылары жылдары бойы Шортанды ауданына қатынап оқып жүріпті. –  ХХІ ғасырдың бәсекеге қабілетті жастарын тәрбиелеу үшін алыстан арбаламай, жақыннан дорбаласақ нұр үстіне нұр болушы еді деген халық арманы 2017 жылдың қыркүйегінде орындалғандай болды, – дейді шағын ғана мектептің басшысы Бекей Досан. Биыл ...

Толығырақ »

Шығар асуымыз әлі көп…

Сәлеметсіз бе? Құрметті Бұлбұл Ахмадиқызы. Биылғы жылы сіз басқарып отырған қара шаңыраққа он жыл толыпты. Осы жайлы қысқаша айтсаңыз? -Мектебіміз 2007 жылы заман талабы бойынша үштілділік бағытта эксприменттік білім беру жүйесі негізінде ашылған болатын. Он жылдың ішінде талай-талай белестерді бағындыра алдық деп ойлаймын. 2012 жылдан бері Назарбаев Зияткерлік мектебінің іс-тәжірибесін енгізіп, математика пәніне қосымша бір сағат (факультатив) қосып ағылшын тілінде ...

Толығырақ »