Home » Эссе

Эссе

Ұстаз – ұлағатты ұғым

Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегін кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас Үйретуден балаға. Абай          Ұстаз… Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер ...

Толығырақ »

Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығы туралы

Эссе «Алаш идеясы» – еліміздің, мемлекетіміздің негізгі, ұлттық идеясы Қазақстан – басынан көптеген кезеңдерді өткізген, тарихқа бай мемлекет. Сол әр кезеңнің өз қаһармандары болған.1905 жылдан бастау алатын 100 жылдық тарихы бар Алаш үкіметініңтарихта алатын орны ерекше. Алаш үкіметі халқымыздың мәдени даму жолын жаңа арнаға бұрды. Міне, осы тұста Алаштың серкелері – Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлын тілге тиек ете ...

Толығырақ »

XIX  ғ. II жартысында өмір сүрген сал-серілер мен бүгінгі таңдағы әншілердің арасында байланыс   бар ма?

Эссе    Қазақ халқы сонау заманнан бері өнерге, ән-күйге жақын екенін білеміз. Бұл туралы «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай болып көрінеді» деп, қазақ халқының әдебиеті мен өнерін зерттеген Шоқан Уәлихановтың досы Г.Потанин тамсана айтқан екен.  Қазақта әнсіз өмір жоқ  Өз дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарымен қоса ұлттық бұйымдарын, аспаптарын аса қадірлейтін, қандай жағдай болмасын қолынан домбырасын тастамаған халықпыз. Содан болар, «нағыз ...

Толығырақ »

Ұстаз (Эссе)

 Ұстаз деген сөзді, ұстаз деген мамандықты мен ең қасиетті құндылық деп есептеймін. Себебі, ұстаздың алдына келмейтін адам болмайды. Әр бала үшін ұстаз оның екінші анасы, әкесі, досы. Неге? Себебі, баланың кішкентай жүрегі осы ұстаздан жылулықты, қамқорлықты сезіп, қамқоршы ретінде қабылдап, әрі өзінің досындай сырласа алады. Мұғалімге тән ең бірінші қасиет- баланы құрметтеу.Оның адамшылық ар – ожданы, намысы, тұлғасын жасына қарамай ...

Толығырақ »

«Бақытты балалық шақ»

«Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы». (Абу Насыр Әл Фараби)          Менің педагогикалық философиям қарапайым. Оның көптеген қырларын сөзбен айтып көрсету мүмкін емес, жүрегіңмен және жан-тәніңмен сезіне аласың.   Балабақшадағы тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы. Тәрбиеші балаларды адам мәдениетінің әлеміне, күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне ертетін үлкендердің бірі.   Мен балабақшада  еңбек етудемін, бұл еңбектен жалыққан емеспін. Ұжымымның өмірінде таңғажайып қызықтар ...

Толығырақ »

Аттары мәңгі өшпейді

Адамзат тарихындағы талай жанның басын жұтқан сұрапыл соғыстың болып өткеніне 73 жыл болды. Бірақ, ешкім де ұмытылмайды, ұмыт қалмайды. Ардагер бабаларымыздың жан аямай, бар күшін салған ұлы жеңіс күні де келіп қалды. 9 мамыр – мен үшін ерекше мереке. Неге дейсіз бе? Мен замандастарыма ата-бабам туралы ауыз толтыра мақтанышпен айтамын. Менің  нағашы бабам – Бердібеков Мұздыбай 1905 жылы Шымкент облысы ...

Толығырақ »

«Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін»

Менің туған жерім – бірлігі мен бейбітшілігі жарасқан, ынтымақ пенен достықтың мекені. Оның сарқыраған өзені  мен көлдері, жайқалған жасыл шөп пен ормандары, асқар таулары, сайраған құстары,– осының бәрі, көз тоймас табиғаты, менің жаныма жақын, әрі ерекше ыстық. Адам шыр етіп дүниеге келегеннен-ақ, оқ атылмаған таудың саф ауасын жұтып, бейбіт заманда  өскен әр адам  туған елім, кіндік тамған жерім деп, еркін ...

Толығырақ »

Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзі» туралы

Абай Құнанбаев – қазақ халқының дана да  ойшыл, ерекше ақыны. Жастайынан ақындыққа, шешендікке жақын болған Абай Құнанбаев қаншама ойлы, мағыналы сөздер айтып кеткен десеңізші!  Әрбір қара сөзі – өз алдына бір заңғар таудай.  Қарасөздеріне қарап, атамыздың сонау қиын заманда, қазақ халқының көрген азабын бірге көріп, сезініп, қолымен ұстағанын  сезінетіндей боламын. Абайдың қара сөздері ақыл мен пайымға толы. Соның ішінде естілік ...

Толығырақ »

Астана- ел жүрегі

Астана – еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала.  Еліміздің символына айналған әсем мұнара Бәйтерек тұрғындарға сүйеніш, қорған, пана болып тұрғандай. Гүлденген Астанамыз – тәуелсіз еліміздің мақтанышы. 1998 жылы 6 мамырда еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. Сол кезден бастап, Астана құлпырып өсе бастады. Әрі осында әлемдік көлемдегі алқалы жиындар өтіп жүр. Оларда адамзаттың түйткілді ...

Толығырақ »

Әркім “Бақыт” дегенді әр қалай түсінеді

Өмір сүрудің ең басты қағидасы – деніңнің саулығы болып табылады. Өйткен, адам баласының бір мүшесі шыдатпай ауырып тұрса, бақыт дегенді сезіну қиын болады. Шіркін, денің сау болып, ата-анаң аман болса, алдыңа қойған мақсатыңа жетіп, өміріңе серік болар  лайықты жанды адаспай тауып, отбасын құрсаң нағыз бақыт деген осы шығар. Алайда заман талабына сәйкес, көп адамның бақыт туралы ойы мүлдем өзгеріп кеткен. ...

Толығырақ »