Home » Мақалалар

Мақалалар

   Ел болам десең бесігіңді түзе

            Ертегі …Аңыз-әңгіме…Батырлар жыры…Осы сөздер ерте кезде әр қазақ баласының құлағына сіңіп, санасында жаңғырған еді. Атасы мен әжесінің ертегілерін тыңдап, батырлар жырын жаттап, аңыз адамдардың ісіне сүйсініп, солардың жасаған ерліктерін ауыз толтыра айтып, бала кезден айтқан әңгімелерді жадында сақтап, келесі өз ұрпағына айтып беруші еді. Ал бүгінде ертегі тыңдайтын бала жоқпа, әлде оны айтатын адам жоқпа? ...

Толығырақ »

Жаңартылған білім-жаңа бастама

Әлемдік өркениетке қадам басқан еліміздің  білім беру саласы жаңа жүйеге көшу барысында ұлтымыздың  болашағына тірек болар азаматтарды тілдерді жетік меңгерген, терең білімді, жан-жақты  дамыған жеке тұлға етіп қалыптастыруды басты фактор ретінде қарастырып отыр. Осы мақсатты жүзеге асыруда Орал қалалық Ж.Молдағалиев атындағы №2 мектептің үлесі ерекше. Аталмыш білім беру ұйымы әлемдік білім беру жүйесінің көшінен қалмай, дамудың басым бағыттарын негізге ала ...

Толығырақ »

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ –  ЗАМАН ТАЛАБЫ

Қазіргі білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан оқыту түрлерімен қатар қашықтықтан оқыту түсінігі пайда болды. Қашықтықтан оқыту, соңғы оншақты жылда, әсіресе жоғары білім беру саласында қарқынды даму үстінде. Енді осы «қашықтықтан оқыту» деген ұғым қашан пайда болды? Жалпы бұл ұғым жаңашыл болып көрінгенімен, тарихы әріде жатыр. Еуропа елдерінде бастапқы қолданылуы XIX ғ. ортасынан қарапайым пошталық тасымалдау  қызметінен басталса, XX ғ. ...

Толығырақ »

Мен «баланың шырағын жағу үшін» мектептемін

                   «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры  – ұстаздардың қолында» Н.Ә.Назарбаев.                             Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы –өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Мен де қиын және абыройлы ұстаздық  мамандықты таңдаған соң, ата-ана сеніп тапсырған баланың тәрбиесі мен біліміне ...

Толығырақ »

Қазақ мектебіндегі «Ақ отау»

Жазғы демалыс әр бір адамның, баланың асыға күтетін уақыты. Бұл кезде оқушылар демалып, денелерін шынықтырып, ойнап, жан дүниесі де тынығып, көңілі көтеріліп, алдағы оқу жылына жаңа серпінмен келеді. Бұндай нәтижеге жету үшін балалардың жазғы демалысы көңілді, ерекше ұйымдастырылуы тиіс. Осы мақсатты алдына қойған Ақмола облысы, Шортанды ауданында орналасқан біздің Шортанды №3 қазақ орта мектебі үлкен еңбек етіп жатырмыз. Демалыс орталығымыздың ...

Толығырақ »

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ

  Шымкент қаласы ,  “Нұрби” бөбекжай балабақшасының ата-аналары Бала болашағына үлкен үмітпен, асқан жауапкершілікпен қарайтын “Нұрби” бөбекжай балабақшасының ұжымына алғысымыз шексіз.Осы ұжымның басшы меңгерушісі: Айман Сейітқызы. Өзі басқарып отырған ұжым мүшелері мен балабақша тәрбиеленушілердің екінші анасы деуге болады. Ал жеке қасиеті мен қабілетіне келер болсақ, Бердимбетова Айман Сейітқызы ұйымдастыру қабілеті жоғары, білімді де жігерлі, адам жанына түсіністікпен қарайтын, кез келген істе ...

Толығырақ »

Жаңашылдыққа жаршы болу парызымыз.

Ақтау қаласы, Мұнайлы ауданы №7 «Айналайын» балабақшасы тәрбиешісі: Джақсығалиева Гулбаршын. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» демекші, қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу сияқты тәрбие негізінің бастау бұлағы – мектепке дейінгі ұйымдардан басталатыны баршамызға белгілі. Жаңа инновацияны жете түсініп, инновациялық әдіс-тәсілдерді балабақша өміріне кеңінен енгізу жеткіншек ұрпақтың саналы ...

Толығырақ »

Цифрландыру – бәсекеге қабілетті экономиканы дамыту.

Ақтау қаласы, Мұнайлы ауданы №7 «Айналайын» балабақшасы әдіскері: Айтимова Гулжан. Елбасымыздың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік » атты Қазақстан халқына жолдауы еліміздің болашағы үшін кейбір мәселелерді көтерген атаулы құжаттың бірі болғандығы бәрімізге мәлім. Цифрлы технология барлық білім салаларында жаппай компьютерлендіруді қолға алған болатын. Компьютерлер кеңседе де, үйде де негізгі ақпараттық құрал ретінде пайдаланыла бастады. Кез келген жұмыс компьютер көмегімен жүзеге ...

Толығырақ »

Журналист болғым келеді

Арман деген көп белес –                                                                                біріне шықсаң, бірі бар.                                                                                             Ғабиден Мұстафин   Адам өміріндегі ең маңызды, әрі жауапты сәттердің бірі – мамандық таңдау. Өйткені, бұл шешім сенің өміріңді өзгертіп қана қоймай, болашағың, ертеңгі күнің болмай ма? «Мамандықтың бәрі жақсы, қалауыңша таңдап ал» дегендей, қазір сан мамандық иесін таңдаудың жолында тұрмыз. Осы жолда адам бойындағы өмірлік құндылықтары, кəсіби бағыттылығы ...

Толығырақ »

Қош бол, менің сүйікті балабақшам!

Бізде үлкен мереке. “Smart Kids” орталығы «Айгөлек» және «Сказка» топтарында қуанышы  мен  қызығы  мол «Балабақшамен қоштасу» кешін өткізді. Бұл кешке балабақшаның ауласы шарлармен, жалаушалармен және гүлдермен әдемілеп безендірілді. Кіре салғанда музыка әуені төгіліп тұрды. Біз ортаға шыққан балаларымызды қошеметпен қарсы алдық. Кеште бүлдіршіндер тобының тәрбиешісі (қаланың үздік тәрбиешісі) Ускембаева К.Т. Жалқаубек рөлінде келіп, біздерді әбден күлдірсе, балаларды түрлі сұрақтармен сынап, мектепке ...

Толығырақ »