Home » Жаңалықтар (page 20)

Жаңалықтар

“Мұқағали оқулары” мəресіне жетті

Жақында “Ертіс дарыны” өңірлік қосымша білім беру оқу-əдістемелік орталығының ұйымдастыруымен “Жас дарын” мамандандырылған мектебінде “Мұқағали Мақатаев оқулары” ХІІ республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді. Оған облыстық оқу орындарынан 14 оқушы қатысты. Іс-шара соңында қазылар алқасының қорытындысы жарияланып, жүлдегерлер Дипломдармен марапатталды. Айгүл Молдаш Білім айнасы Павлодар қаласы

Толығырақ »

Ұстаздар марапатталды

2017 жылдың 6 қазан күні Павлодар қаласындағы Естай атындағы Мәдениет сарайында мұғалімдер күніне байланысты үлкен салтанатты жиын өтті. Мерекелі кешке Павлодар қаласы әкімінің орынбасары С.Н. Мұқанов қатысты. Сондай-ақ, қонақ болып қатысқан «Жыл мұғалімі-2017», «Жыл тәрбиешісі-2017», жаңашыл-педагогтар мен еңбек ардагер ұстаздар мерекенің сәнін аша түсті. Осы жиында білім саласында елеулі қызмет жасап жүрген 47 педагог-мамандарға ҚР Ғылым және білім Министрлігінің және ...

Толығырақ »

Оқушылар өлкетану саяхаттарына шықты

“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында қыркүйек-қазан айларында “Өлкетану” базалық бағытындағы “Менің Отаным – Қазақстан” жобасы қарқынды түрде жүзеге асуда. Жобаның мақсаты: балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту, ұлттық мəдениетті насихаттап, туған өлкемен неғұрлым кеңірек танысу, жас ұрпақты патриотизм құндылықтарына баулу. Іс-шараға Павлодар облысынан: Ақсу қаласы, Баянауыл, Қашыр, Май, Успен аудандарының ондаған оқушылары қатысты. Экспедиция барысында балалар тарихи орындар мен қасиетті жерлерді тамашалап, ...

Толығырақ »

Павлодар ұстаздары марапатталды

Халықаралық мұғалімдер күніне орай, “Қазмедия орталығында” республикалық “Үздік педагог” байқауының жеңімпаздары марапатталды. Павлодар облысынан төрт ұстаз аталмыш марапатқа ие болды. Олар: дарынды қыз балаларға арналған “Білім-инновация” лицей-интернатының биология пəнінің мұғалімі Ф.М. Баимбетова, 28 ЖОББМ-нің география пəні мұғалімі С.Н. Барвих, “Жас дарын” мамандандырылған мектебінің орыс тілі мұғалімі А.Б. Қуставлетова жəне Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінің арнайы пəндер оқытушысы Ж.Ю. Нагасинова болды. ...

Толығырақ »

Әділғали Баяндиннің «Суретші көзімен» атты шығармашылық көрмесі

2017 жылдың 11 қазаны күні сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музейінің ғимаратында (Бейбітшілік к-сі, 11) суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Әділғали Баяндиннің «Суретші көзімен» атты шығармашылық көрмесінің ашылуы өтеді. Ә. Баяндин 1966 жылы 14 желтоқсанда Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қызылжар ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Қазақ Мемлекеттік Өнер Академиясын бітірген. «Көтібар», «Қобыланды», «Тайлақ батыр» атты кітаптардың ...

Толығырақ »

Отанға адал болуға ант беріп…

2017 жылғы 6 қазанда Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтының күндізгі оқу факультеті 1-курс курсанттарының салтанатты ант қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Олжас Бектенов, Ақмола облысы құқық қорғау органдары және оқу орындарының басшылары, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат ...

Толығырақ »

Қамқоршылық кеңестер құрылуда

ҚР Білім жəне Ғылым министрлігінің 2017 жылғы 355 бұйрығына сəйкес, Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру жəне білім беру ұйымдарында сайлау тəртібінің үлгілік қағидаларының 5-тармағын орындауға басымдық берілген. Мұнда Павлодар облысы аумағындағы жетім балалар жəне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы мамандандырылған білім беру ұйымдарында, сонымен қатар облыстың техникалық жəне кəсіптік білім беру мекемелерінде Қамқоршылық кеңесті қалыптастыру жұмыстары бастау алды. Айгүл МОЛДАШ ...

Толығырақ »

Болашақ биологтар іріктелді

Кеше, Павлодар облысының көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатында биология пəнінен VII облыстық жасөспірімдер олимпиадасының қорытынды сайысы өтті. Оған 88 оқушы қатысты. Іс-шара соңында қазылар алқасының шешімімен жүлдегерлер анықталды. Барлық жеңімпаздар Мақтау қағаздары мен Құрмет грамоталарымен марапатталды. Айгүл МОЛДАШ Білім айнасы Павлодар қаласы  

Толығырақ »

Тағылымды іс-шара

Қазан айының 2-14 аралығында Павлодар қаласында Алматы қаласының республикалық ғылыми-тəжірибелік психиатрия орталығы мамандарының семинары өтуде. Оған облыстың техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарының психологтары қатысады. Іс-шара педагог-психологтардың құзыретін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, кəмелетке толмағандардың арасында өз-өзіне қол жұмсау фактілерінің алдын алуды мақсат тұтады. Айгүл МОЛДАШ Білім айнасы Павлодар қаласы

Толығырақ »

Ақмола облысының педагог-психологтары мен медицина қызметкерлеріне арналған жоба

     Көкшетау қаласындағы №1 мектеп-гимназиясында Ақмола облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен педагог-психологтардың арнайы курсы басталды, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Кәмелетке толмаған балалардың арасында өз-өзіне қол жұмсауды болдырмау, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту мақсатында Қазақстандағы ЮНИСЕФ Біріккен Ұлттар Ұйымы балалар қорының өкілдігі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмаған балаларды ...

Толығырақ »